1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламаның ақпараты

 

2018 жылғы 24 тамызда өткен кеңестің №18-35-21.2 хаттамасының 4.1 тармағы негізінде, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай 1 қазан күні сағат 16.00 де № 2 Қарттар үйінде қайырымдылық концерт өтті. Тараз қаласы №2 қарттар үйіндегі ата-апаларымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында осы мерекені Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ белсене ат салысып, меркелік концерт ұйымдастырды. Қайырылымдылық концертіміздің негізгі мақсаты жастарымызыдың бойына ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген асыл қарттарымыздың орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттерін уялату. Бұл мерекелік концертті «Үкілім» би ансамбілі «Қазақ» биімен ашып, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік-қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» атынан Әбдіманап Аблалим «Анашым» атты әнін аналарымызға тарту етті. Қайырымдылық концертіміз «Жамбыл облыстық гректер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мың бұралған биші қыздары «Қазақ» биін билеп, «Өзбек» биімен концерттімізді жалғады.

Аталмыш іс-шарамызды «Үкілім» би ансамблінің «Хорезм» биімен жалғасын тауып, «Болашақ» тобының орындауындағы «Мен, сен бәріміз!» атты әнімен іс-шарамызды аяқтадық.

Мәдени көпшілік

іс-шаралар бөлім басшысы                                                            Б.Уксикбаев

Орынд: Г.Мұхамеджан

Тел: 54-10-37