Ғылыми зерттеулерді үйлестірудегі өңірлік ассамблеяның ғылыми-сараптамалық топтың жұмысы

2017 жылдың 29 қарашасы сағат 15.00-де М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әулие ата» залы залында «Ғылыми зерттеулерді үйлестірудегі өңірлік ассамблеяның ғылыми-сараптамалық топтың жұмысы» тақырыбындағы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті.

Ғылыми-сараптамалық топ отырысы Жамбыл облысындағы этносаралық жағдайды зерделеуде 2017 жылғы әлеуметтік зерттеу нәтижелерін қорытындылау және келесі жылы атқарылатын жұмыс жоспарын талқылау мақсатында өткізілді.

Отырыс жұмысына Жамбыл облыстық ассамблеясы ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, ғалымдар, ғылыми және білім беру мекемелерінің оқытушылары мен жас ғалымдар қатысты.

Күн тәртібінде 2017 жылғы әлеуметтік зерттеудің қорытындысы, Рухани жаңғыру–ұлттық идеяның өзегі мәселелеріқарастырылды.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы кіші жобаларды іске асыруда ғылыми-философиялық пікірлер ескерілді.

ОтырысқатысушыларынаҒылыми-сараптамалық топтың мүшесі, тарих ғылымдарының кандидатыСейтқұлова Жанна Мамбетқызының авторлығымен әзірленген«Жамбыл облысындағы этностар мен этникалық топтар тарихы» кітабының жобасы таныстырылды. Жұмысқа этномәдени бірлестік және ғылыми-сараптамлық топ мүшелері мен төрағалары толықтырулар енгізді.

Отырыс соңында ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға және қоғамның руғани дамуына қосқан үлесі үшін ғылыми-сараптамалық топ мүшелеріне алғыс хат табысталды.

  

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі