Көркем сурет өнері шеберлерінің көрмесі өтті

Ағымдағы жылдың тамызында өңірдегі Достық үйі ғимаратында Қырғызстандағы «Туған жер» атты қазақ диаспорасының және облыстық этномәдени бірлестік суретшілерінің кескіндемелері мен графиякалары қойылған облыстық көрменің салтантты ашылу рәсімі өтті.

Көрмеге 25 суретшінің жұмысы ұсынылған. Оның 6-ы Жамбыл облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінен болса, 4-і Қырғызстандағы «Туған жер» қазақ диаспорасының өкілдерінің еңбегі.

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, еліміздегі ҚХА рөлінің маңыздылығын түсіндіру, қазақстандық стандартты ұлтаралық қарым-қатынаста насихаттау,бірегей мәдениетіміздің алуан түрлілігіне синтетикалық жаңа көзқарас әзірлеу, заманауи Қазақстанның өмір сүру формасы мен құбылыстарын қалыптастыру болып табылады.

Көрмеге арнайы атарылтып келге айыр қалпақты ағайындар Акпанова Камила (Бішкек қ.) мен Мусаев Нурлан (Қараөткел қ.) көрермендерге ұсынған пейзаждары арқылы қырғыз елінің кескіндеме және графика суретшілер мектебінің қалыптасқанын айқындады.

Көркем сурет өнерінің көрмесі ҚХА-ның суретшілер Салбакирова Оразкүл Абдразаховна «Аңсау», Ремша Наталья Леонидовна «Астана – мәдениетаралық үннің қаласы» және Құдайбергенова Гүлжазира Әнуарбекқызы «Евразия жүрегі» атты жас суретшілер дайындаған сән көрсетілімімен басталды.

Шараның екінші бөлігінде облыстық «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы »қоғамдық бірлестігінен Сапаралиева Рахат пен жас суретші Берденова Сәуленің, «Коре» корейлерінің қауымдастығы»  Қоғамдық бірлестігі Геннадий Тянның, Михаэль Тёның және Елена Пактың көркем суреттері мен кескіндеме графикаларын ұсынды.

Көрмеге өзбек этносынан Тараздың танымал суретшілерінің бірі Мурат Рахымжановтың және Тараз қаласының Өзбек ұлттық этномәдени бірлестігінің әуесқой суретшісі Мирзахоев Алишердің картиналарын қойды.

«Жамбыл облысындағы «Радонэж» ресейлік қоғамы» Қоғамдық бірлестігінен Владимир Худяков пен Елена Панинаныңмайлы бояумен салған гүл шоқтары  көрермендердің назарына ерекше ілінді.

Осы көрмеде көрермендерге ерекше әсер қалдырған тағы бір туынды  «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жас суретшісі Диана Шайхеслямованың ортағасырлық Тараздың романтикалық ландшафты картинасы болды.

Көрменің үшінші бөлімінде ұлттық өнерімізді дәріптейтін қолөнер ісмерлерінің шеберлік сабақтарын өтті. Солардың бірі  Сұлтанбекова Сәуле Мусаева («Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы) ши арқылы тоқыма өнерін көрсетті.Сондай-ақ, («Айнұры» татар-башқұрт этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі) Фидалия Фираковна Измайлова – сәндік элементтерді тоқуды көрсетсе, Милоси Селиме Санхоровна («Винхуа» Жамбыл облысының Дунген мәдени орталықтарының қауымдастығы) – дәстүрлі Дунган кестелерінің ерекшеліктерімен бөлісті.

Жамбыл облысы әкімі аппартының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Назерке ОҢҒАР