Этномәдени бірлестіктер жаңа туылған перзентке домбыра сыйлады

2018 жылы  шілде айының бірінші жексенбісі  –  Домбыра күні еліміз көлемінде атап өтілді.  Қазақстан  халқы ассамблеясының «Қазақтану» жобасы  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында  Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтар барша қазақстандықтар үшін ортақ игілікке айналған.  Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында және өңірдегі  он ауданда этномәдени бірлестіктердің   демеушілігімен  Ұлттық домбыра күнінде бірінші болып туылған перзентке қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы –домбыраны  сыйлау  рәсімі өткізілді.

Тараз қаласындағы  перинатальдық орталықта   Домбыра күнінде  1980 жылы туылған, жаңа босанған ана –  Жазира Исмаилованың 3 кг 368 гр. болып туылған Қазына  есімді қызына және   қалалық №1 аурухананың босану бөлімінде  орыс ұлтының өкілі, 1992 жылы туылған  жас босанған  ана – Валентина  Кузнецованың    2 кг 566 гр  етіп өмірге әкелген қызы Дианаға,  қалалық перинатальдық орталықта  1993 жылы туылған жас босанған ана –  Ғазиза Нұрмаштың 3кг 700 гр етіп босанған қызын Ұлттық домбыра және Астана қаласының 20 жылдығымен  құттықтап, үш перзенттің анасына  «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев, бірлестік мүшелері Ибрагим Зуфаров және Зульфия  Фарманова қазақтың ұлттық аспабын  сыйға тартып,  шын жүректен құттықтады.

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  басшылығы жас аналардың  перзенттеріне ұзақ ғұмыр тілеп,  Ұлттық домбыра күнімен және Астана күнінің 20 жылдығы мерекесімен құттықтап, мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарын қадірлей білетін отаншыл ұрпақтар қатарының артуына ақжарма тілегімен бөлісті.