Біз – Қазақстан халқымыз

Ағымдағы жылдың тамызында Достық үйінде Мәдени көпшілік іс-шаралар бөлімінің ұйымдастыруымен және ғылыми -сараптамалық бөлімінің белсенді ат салысуымен, 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ұйымдастырылған «Біз – Қазақстан халқымыз» атты танымымдық дөңгелек үстел өтті.

Танымдық іс-шарамыздың негізгі мақсаты халқымыздың конституциялық құқығын баянды болуын қамтамасыз етуде ел игілігі үшін жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметтің кәсібилігін нығайту болып табылады.

Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Ел жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған  басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы. Дөңгелек үстел Қазақстан Распубликасының гимнімен Ғылыми – сараптамалық бөлімінің бас сарапшысы Тапаева Альбина дөңгелек үстелді ашып берді. Сонымен қатар  жетекші сарапшы Джумабекова Эльмира өзінің «Конституция – ел тұрақтылығы мен бірлігінің негізі» атты баяндамасын оқыды. Жиын барысында ата заң тақырыбында жастар арасында көптеген пікірталастар өтті. Аталмыш іс-шараға 40- қа жуық жастар белсене қатысты.

Жамбыл облысы әкімі аппартының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі