Бейбітшілік және келісім керуені Байзақта

         Ағымдағы жылдың  7 маусымы  күні Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Бәйтерек ауылдық округі, Сарыкемер мектеп-гимназиясында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ «Бейбітшілік және келісім керуені»қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

         Игілігі мол шараға Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Байзақ, Жамбыл,  Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарынан  қоғамдық келісім кеңестерінің  төрағалары мен белсенді мүшелері, ішкі саясат бөлімінің өкілдері, медиаторлар, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің  жетекшілері, дін басқармасының, құқық қорғау органдарының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері және БАҚтілшілері қатысты.

         Шара барысында «Қоғамдық келісім кеңестері мен жергілікті органдардың бірлескен әрекеттері» тақырыбымен облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің, Жастар арасында тәрбиенің ошағын жандандыру мақсатында  мектеп-гимназияның кітапханасында «Қоғамдық сананы жаңғыртуда  адамгершілік-рухани тәрбие берудің  тиімді механизмдері» тақырыбымен  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің  және «Аға буын өкілдері – ел тұрақтылығының  кепілі» тақырыбымен  оқу кабинетінде  Ақсақалдар кеңесінің аймақтық кеңейтілген   отырыстары өтті.

          Патриоттық тәрбие бойынша «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» атты жастармен кездесу шарасына 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен  ауыл жастары қамтылды. Дәл осы уақытта Сарыкемер мектеп-гимназиясының спорттық алаңында  «Көпшілік мәдени іс-шаралар» бөлімінің ұйымдастыруымен 11-12 жастағы балалар арасында «Қазақстан халқы спартакиада ойындары» тақырыбымен әр түрлі жарыстар өткізілді. Спорттық шараның соңында барлық ойынға қатысушы балаларға сыйлыққа доптар таратылды.

Қайырымдылық жасауды қағидаға айналдырған облыстық ассамблея мен «Қоғамдық келісім» КММ бұл жолы Бурыл ауылындағы жағдайы төмен деген бес отбасыға әлеуметтік көмек ретінде азық-түліктер таратты.

          «Бейбітшілік және  келісім» керуені қайырымдылық шарасынан соң Сарыкемер мектеп-гимназиясының акт залында ұлттар бірлігін ұлықтайтын этномәдени бірлестіктердің өнерлі өкілдері мен байзақтық өнерпаздарқатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі