Қазақстан-достық пен татулықтың мекені

            Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Қырғызстан Республикасы Талас облысы өнердің қара шаңырағы атанған Капар Медетбеков атындағы музыкалық драма театырында «Қазақстан-достық пен татулықтың мекені» атты шекаралық ынтымақтастық фестивалі өтті.

            Фестивальдің мақсаты түбі бір түркі тілдес, бауырлас екі мемлекет арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен татулықты нығайту болып табылады.

            Екі елдің ынтымақтастығы мен достығының нәтижесінде өткізіліп отырған фестивалдің ашылуында Қырғызстан Республикасы Үкіметінің Талас облысындағы құқықтық өкілі, Мураталиев Марат Молдонович, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Муминов Бахром Тохтасынович, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы, Бабақұлова Ұлтуар Қуанышбайқызы құттықап сөз сөйледі.

         Фестиваль барысында Талас қаласынан жиырма шақырымда орналасқан «Манас орда» ұлттық кешеніндегі Манастың кесенесі мен мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

         Аталған іс-шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері және Қырғызстан Республикасы Талас облысының тұрғындары қатысты.

         Фестиваль жыл сайын Қырғызстан Республикасымен шекаралас аудандарда 10 жылдан бері өткізіліп келеді.

         Фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасты. Концертте Жамбыл облыстық филармонияның әртістері мен облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі