Елбасы жолдауын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың қаңтар айында қазақстандықтарға арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын түсіндіру жұмыстары жалғасып келеді. Осы мақсатта Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық топ, этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен БАҚ өкілдері 24 маусымда Достық үйінде бас қосты.

Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашты. «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова этносаралық қақтығыстардың шығу себептері мен алдын алу шаралары жайлы сөз қозғады. Көпшіліктің алаңдаушылығын тудырып отырған әлеуметтік желілердің кесірін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде БАҚ-тың маңыздылығына тоқталды.

Жиында сонымен қатар ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі мәселелерді түсіндіру жұмыстары бойынша  «Дулатитану» орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанна Сейітқұлова, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану»  кафедрасының меңгерушісі, доцент Көлбаева Дина Дүйсебайқызы өз пікірлерін ортаға салды.

Кездесу соңында Қазақстан халқы ассамблеясының Жамбыл облысы бойынша ғылыми-сараптама топ пен этномәдени бірлестіктерінің басшылары  пікір алмасты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі