«ҚХА ЖАСТАРЫ – 2018» аймақтық жастар форумы

         Ағымдағы жылдың тамызында Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен “ҚХА жастары – 2018” аймақтық жастар форумы өтті.

         Шараның басты мақсатыҚазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI Сессиясы қорытындылары бойынша көрсетілген міндеттерді түсіндіру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша жастардың кәсіби білімі мен білік-дағдыларының деңгейін арттыру. Елімізді мекендеген әрбір ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен өркениетін келешек ұрпақтарына айнытпай жеткізіп, татулық пен тұрақтылықты қалыптастыру, бірлік пен біртұтастықты насихаттау болып табылады.

         Жыл сайын дәстүрге айналған шара биылғы жылы да жалғасын тапты. Үш күнге созылған жазғы лагерьге 23 этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары қатысты. Форум қатысушыларына арнайы дайындалған жоспарға сай әр түрлі іс-шара, ойын-сауық бағдарламалар, спорттық жарыстар мен тәрбиелік мән-мағынаға ие қысқа метражды фильмдер көрсетілді.

         Аймақтық форумның шымылдығы “Қоғамдық келісім” КММ басшы орынбасары Дәурен Тайлеев мен ғылыми сараптамалық қолдау бөлімің бас сарапшысы Альбина Тапаеваның жастарға деген игі жақсы тілектері және мәдени көпшілік іс-шаралар бөлімінің арнайы концертімен түрілді.

         Шараға жиылған этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары қызыл, жасыл, көк және ашық жасыл түсті төрт топқа бөлініп, оларға сәкесінше футболкалар таратылып, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының бөлімдеріне сайатаулар берілуі тапсырылды. Қызылдар «Болашақ мұрагерлері», жасылдар «100 жаңа есім», көктер «Жаңғыру жолы» және ашық жасыл түсті команда «Мәңгілік ел жастары» деп аталды.

         Алғашқы күні жастар Альбина Тапаваның  «Қоғамдық сананы жаңғырту сияқты әлеуметтік және мәдени құндылықтарды трансформациялау» атты семинар-тренингіне қатысты. Онда Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңыздылығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI Сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту, бірлік пен бірегейлікті нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру тетіктері сынды бірқатар мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, жаңа міндеттерді түсіндіру, жаһандық және өңірлік сын-тегеуіріндер мен қатерлер жағдайындағы қазіргі кезеңдегі  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдылықтарын анықтау жөнінде де өзара пікір алмасты.

         Бірінші күннің соңындафорум жастары бассейнге түсіп, кешкілік уақытта мекеме хореографы Назаров Азаматбектің «Би батлл» ойынына атсалысып,уақыттарын тиімді өткізді.

         Жазғы лагердің екінші күні таңғы жаттығумен басталды. Бұл күні түскі уақытқа дейін форумға қатысушы «Жаңғыру жолы»жастар қозғалысының мүшелері «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» акциясы негізінде Берікқара шатқалын аралады. Берікқара –Жамбыл облысы, Жуалы ауданында орналасқан республикалық маңызға ие  кешенді мемлекеттік тарихи қорықша.  Мұнда Қазақстанда ғана сақталып қалған өте сирек кездесетін терек өседі. Бұл, қазіргі таңда Канадалық ботаниктердің назарынерекше аудартып тұр. Сондай-ақ,қорықшада Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген 51 түрлі өсімдік өседі. Аймақтық форум арқылы «Жаңғыру жолы» жастары тарих пен тағылымға толы киелі мекендермен танысу үстінде.

         Форумның екінші күні спорттық ойындармен жалғасты. Онда шахмат, дойбы, футбол, теннис, волейбол, баскетболдан өзара сынға түскен командалар  бақтарын сынады.

         Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынған «Қазақтану» жобасы аясында мекеме әдіскері Айжан Дыбысалы этносаралық және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу, жұмыс тәжірибесімен бөлісу мақсатында жастарға «Бас тарту» дәстүрінен бейнеролик көрсетіп, ата-баба қалдырған дәстүрдікеңінен насихаттады. Қазақ халқына ғана тән мұндай кәде өзге ұлт жастарын салт-дәстүрге деген қызығушылығын  оятып,  азда  болса мағұлмат  алуға мүмкіндік берді.

         Еңбек саласында этносаралық қатынастарды реттеу әдістеріне шолу, ақпараттық қоғам жағдайында этносаралық бірлік құндылықтарын қалыптастыру ерекшеліктері сынды басты міндеттерді негізге ала отырып, аталмыш мекеменің баспасөз саласының қызметкері Назерке Оңғар лагерь жастарының назарына қысқа метражды фильм ұсынды. Тәрбиелік мән мен мағынаға толы фильмді жастармен бірлесе отырып жан-жақты талқылап, ұлт бірлігі ұрпақ қолында екенін түсіндіре білді. Фильмнен алған әсерлерімен бөліскен этномәдени бірлестік жастары ерекеше әсерге бөленгендерін, тіпті көздеріне жас алғандарын жарыса айтты. 

         Жастар форумның екінші күнінің соңы  ән айту жарысымен аяқталды. Бүгінде көпшіллікке «Караоке батлл» атауымен таныс сынның бұл түрінен жастар аса белсенді екендерін байқатты.

         Форумның үшінші күні Вера Майковичтің ұйымдастыруымен қол өнер шеберлігі бойынща мастер класстар өтті, сондай-ақ «Мәдени көпшілік іс-шаралар бөлімінің» ұйымдастыруымен  «Театралды қойылымдар» қойылып, форумға қатысушы этномәдени бірлестік жастары  аталмыш қойылымға белсене қатысып,  ерекше әсерге бөленді.

         Форум соңы  белсенділік таныта білген жастарды марапаттап, естелік сыйлықтар тапсырумен және этномәдени бірлестік жастарының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.

         Осы тұста әртүрлі этномәдени бірлестіктің белсенді жастары, үш күнге созылған «ҚХА жастары – 2018» аймақтық жастар форумында  Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы лагерге келген әрбір жастың уақытын тиісінше пайдалы әрі қызықты өткізгенін жеткізді.

Жамбыл облысы әкімі аппартының

«Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз қызметі

Назерке ОҢҒАР