«Қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі медиация институтының рөлі» атты аймақтық дөңгелек үстел

2018 жылдың 21 маусымында Қордай ауданы Сөртөбе ауылында «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі медиация институтының рөлі» аймақтық дөңгелек үстел өткізілді. Оған Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері, медиаторлары және Жамбыл, Қордай аудандар ақсақалдар кеңесі мен ақсақал өкілдері қатысты. Бұл шараның мақсаты қоғамдық келісімнің қамтамасыз етілуінде медиация институтын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.

Дөңгелек үстелде бағдарламада көрсетілген барлық мәселелер бойынша жанданған және сындарлы диалог жүргізілді, тиісті ұсыныстар берілді, осы бағытта ұсыныстар жасалды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар этномәдени бірлестіктер өкілдерімен этникалық шығу тегі, лингвистикалық мәдени айырмашылықтар және дауларды және қақтығыстарды шешудегі аралық тәсілдерді қолдануға байланысты азаматтар арасындағы қақтығыстарды болдырмау үшін тұрақты негізде кеңес беру кездесулерін өткізу қажеттілігі туралы уағдаласты.