Қазақстан–достық пен татулықтың мекені

Осыдан 140 жыл бұрын Қытай жерін мекендеген дүнген халқы қазіргі Қазақстан мен Қырғызстан аумағына жер аударылғаны белгілі. Осы уақытқа дейін Қырғыз Республикасы мен Қазақстанның Жамбыл облысы ағайынды-туыстық қарым-қатынас орнатып келеді. Осы жылдар аралығында Қазақстан және Қырғызстан халқы Ассамблеялары бірлесіп, бірқатар ірі іс-шараларды өткізіп келеді.

2017 жылдың 12 желтоқсаны Қордай ауданы, Масаншы ауылында көршілес Қырғызстан Республикасымен бірлесе отырып, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан–достық пен татулықтың мекені» атты облыстық этномәдени бірлестіктердің кездесуі өткізілді.

Кездесудің мақсаты түбі бір түркі тілдес, бауырлас екі мемлекет арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен татулықты нығайту болып табылады.

Кездесудің ашылуына Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының маманы Ұ.Қ. Бабақұлова, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.М.Убайдуллаева, Масаншы ауылдық округінің әкімі И.Юбуров және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ,Қырғыз елінен Қырғызстан Республикасындағы Дүнген ассоциациясының Президенті, К.Л. Ханджеза мен ассоциацияның белсенді мүшелері және жастар қанатының өкілдері қатысты.

Қырғызстандағы Дүнген ассоциациясының Президенті кездесудің екі елдің арасындағы достықты нығайтудағы маңыздылығына тоқтала отырып, бауырлас екі ел арасындағы татуылықты жетілдіру мақсатында келесі кездесуді Қырғызстан жерінде өткізуге шақырды.

Қырғыз елінен келген қонақтарға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Аталған кездесу аясында Жамбыл облысындағы дүнген этносының күні аталып өтілді. Масаншы аулдық округі Мәдениет үйі ғимаратында ұйғыр, балкар және дүнген этностарының ұлттық құндылықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстандағы Дүнген ассоциациясының негізін қалаушысы И.Ю. Лоу дүнген этносының жер аударылғандағы негізгі оқиғалар мен Масаншы ауылының құрылу тарихына тоқталды. Сондай-ақ, Қазрігі кезде Масаншы ауылы Қазақстанда тұратын дүнгендердің орталығына айналып отырғандығын, ауыл халқы екі есе өсіп он сегіз мыңнан асқанын және 1978 жылы аталған ауылда бірінші рет Дүнген кеңесінің құрылтайы өткенін жеткізді.

Кездесу барысында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясыхатшылығының меңгерушісі М. Қожаеваның атынан елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға және өңірлік ассамблея жұмысына қосқан үлесі үшін Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестік мүшелеріне алғыс хат табысталды.

Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Руслан Исмазов бірлестік белсенділерін алғыс хатпен марапаттады.

Кездесу соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Концертте «Поющие сердца» вокалдық ансамблі, «Юнчи» тобы, «Үкілім» би тобы, Тараз қалалық мәдениет үйінің әншліері, Қордай ауданындағы «Соседушки» вокалдық ансамблі,«Чунь тянь» халықтық ән-би ансамблі және Қырғыз елінен келген әншілер өнер көрсетті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ 

баспасөз қызметі