Құқықтық білім жастарға ортақ игілік

Ағымдағы жылдың мамыр айында аймақтағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғылыми-сараптамалық бөлімінің ұйымдастыруымен «Құқықтық мемлекеттің стратегиялық қағидаттарын нығайтудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өтті.

         Мұндағы басты мақсат – Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарымен таныстыру, ізденіс жолдарын арттыру, толеранттылық, тұлғааралық, этносаралық, конфессияаралық қатынастар негізінде құқықтық білімді жетілдіруге бағыттау.

           Семинар жұмысын, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Парида Мамедова ашып, жүргізіп отырды.   Алғашқылардың бірі болып сөз алған ғылыми-сараптамалық топ  мүшесі, заң ғылымдарының магистрі, спикер Асқар Қадырқұлов «Қазақстан Республикасының этноконфессиялық қатынастарды құқықтық реттеу» тақырыбы бойынша баяндама жасап, бүгінгі таңдағы жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын – алу  шаралары  жөнінде кеңінен тарқатты.  Баярисов Режеп Оразбайұлы «Тәуелсіздік дәуірі» – тәуелсіз Қазақстанның қазақстандық даму жолының бейнесі» атты баяндамасында қатысушылармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, сонымен қатар,дін саласының бүгінгі хал-ахуалын жоғары деңгейдегі шеберлікпен жеткізе білді.  Гизатуллина Гульгина «Тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбындағы жасаған баяндамасы арқылы қатысушыларды мемлекеттік және ресми тілді топтарға бөліп қызықты тренинг өткізсе,  Гүлмира Абдрахманова «Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу Веб-порталында жұмыс істеудің ерекшеліктері мен құралдары» атты баяндамасы арқылы қатысушылармен тығыз қараым-қатынас орната алды. Семинар-тренинг соңындақатысушыларға сертификаттар табысталды.