ОБЛЫСТЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 12 тамызы күні Достық үйінде Жамбыл облысы
әкімдігінің
мәдениет
және
тілдерді
дамыту
басқармасының
ұйымдастыруымен «Атасы асыл сөздің – ақын Абай» атты облыстық Абай
оқулары байқауы ұйымдастырылды.
Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, жас қауымның классикалық
әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат еткен
сайысқа облыстың барлық өңірінен 13 үміткер қатысып, бақ сынады. Үш
кезеңді қамтыған байқаудың алғашқы сынында қатысушылар «Абайдың ұлы
мұрасы» тақырыбында ақынның шығармашылығы мен ел тәуелсіздігін
байланыстыра отырып бейнеролик әзірлесе, келесі кезеңде М. Әуезовтың
«Абай жолы» романынан үзінді немесе Абай Құнанбаевтың бір қарасөзін
мәнерлеп жатқа оқулары тиіс болатын. Ал соңғы бөлімде қатысушыларға
ұлы ақынның бір өлеңін немесе әнін жатқа орындау жүктелген еді.
Байқау талаптары бойынша қатысушылар еңбегіне А.Тоқпанов атындағы
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі Жүніс Әлімбеков, мектеп
олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық
орталығының драма студия жетекшісі Айнагүл Есімбекова және облыстық
мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Аяулым
Жаманқұл әділ бағасын берді.
Қазылар құрамының шешімімен барлық талаптардан сүрінбей өткен Тараз
қаласының үміткері Нұрланов Ерлан байқаудың жеңімпазы атанса, Шу
ауданының үміткері Нұрғожа Жалғас жүлделі I орын, меркілік Абдыкадыр
Арзуми II орынға ие болса, қордайлық Сұлтанқұл Мөлдір мен меркілік
Юнусова Орынгүл III орын иегерлері атанды.