БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Күні кеше Мемлекет басшысының «Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар» атты мақаласы шықты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді» дей келе, өзінің мақаласында 2024 жылда этносаралық келісімді нығайтуға, қақтығыстардың алдын алуға, этномедиацияны дамытуға, мамандарды даярлауға және этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асырғандығына тоқталып, бүгінде Қазақстанда 124-тен астам этнос өкілдерінің татулық пен келісімде өмір сүріп жатқандығын айрықша атап өтті. Олардың мемлекетіміздің толыққанды азаматтары және мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқандығын да тілге тиек етті. Сол ауқымды шаралардың бірі – 1 наурызда «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған республикалық телекөпірге аса мән берді. Әр өңірі 1-Наурыз – Алғыс айту күнін мерекелеуге қарқынды атсалысты.

Ел Президенті мақаласының басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі этносаралық келісім мен мәдениетті дамытудағы рөлін көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық бірлік пен полимәдениетті қоғам мәселелерін талқылау. Сонымен қатар, жас ұрпаққа ел бірлігі мен патриотизмнің маңыздылығын түсіндіру және этносаралық татулықты нығайту жолдары жайында болды.

Сонымен бірге, 2024 жылдағы ҚХА атқарған іс-шаралар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, оның еліміздегі қоғамдағы рөлі, сондай-ақ болашақта атқаратын маңызды міндеттері мен жүзеге асырылуы тиіс ірі жобаларға тоқталып, этносаралық татулықты сақтау мен көпмәдениетті қоғамды дамыту бағытында қабылдануы тиіс шаралар да сөз болды. Еліміздегі бірлік пен келісімді нығайту, әртүрлі этностар арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша өз толыққанды ойын білдірді.

Жалпы, бұл күн – барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Президентіміз бекіткен бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген алғыс айту күні. Өңірлер 1 наурызда «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған республикалық телекөпірге 2024 жылда да бір адамдай зор үлестерін қосса, үстіміздегі 2025 жылы да телекөпір марафонына үлкен ұйымшылдықпен, бар ықыластарымен белсенді үлес қосты. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы әр аймақтың беткеұстар, ерекше өзіндік жобаларын бүкіл республикаға паш етті. Мәселен, соның бірі – Жамбыл облысы бойынша ең алғашқылардың бірі болып, 2019 жылдан бері қолға алынған облыстық «Ассамблея бөбектері» жобасы. «Ассамблея бөбектері» жобасының мақсаты – бірлік, «достық үйі», бейбітшілік, келісім, «этнос» ұғымдары жөнінде бүлдіршіндердің түсініктерін бекіту, «жалпықазақстандық бірегейлік» деген терминді бала кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу және бүлдіршіндерінің туған жеріне, Отанына, еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыруды көздейтін шаралар өңірімізде жүйелі жүзеге асырылуда.

Осылардың ішіндегі «Әжемнің ертегісі» жобасының маңызы зор. Аймақта жалпы балалардың және этнос балаларының қиялын, сөз сөйлеу мәдениетін дамытуға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда өзіміздің халық ауыз әдебиеті үлгілерін ұдайы пайдаланып келеміз. Ертегі естіп өскен баланың ертеңі жарқын! Ертегі – баланың ең бірінші танысатын көркем әдебиеті болғандықтан, күнделікті айтып жүрген ертегілерді түрлендіріп отырамыз.

2024 жылы өңірлік «Ассамблея бөбектері» жобасы аясында «Әжемнің ертегісі» жобасы облыстық ҚХА Аналар кеңесінің бастамасымен 2024 жылдан бері еңсеріліп келеді, бірнеше бөбекжай-балабақшалары және облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесімен «Біртұтас тәрбие», «Таза Қазақстан», «Қазақтану», «Әжемнің ертегісі», т.б. жобалары бойынша меморандум жасалды. Нәтижесінде, 2024 жылы және 2025 жылдың екі айында өңір Аналарымен «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Тараз қаласы мен барлық 10 ауданда 333 балабақшада – 22 245 балаға ертегі оқылды.

Ерекше атап өтейін, әулиеаталық әжелер бүгінгі айтулы мерекеде Марфуға Рахметуллақызы басқаратын Тараз қалалық №17 бөбекжай-балабақша бүлдіршіндерімен бірге «Әжемнің ертегісі» қойылымын көпшіліктің назарына ұсынды. Шараны өңіраралық телекөпір арқылы тікелей эфирде «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Данияр Әлімқұл жүргізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы күні кеше жарияланған үндеуінде 2024 жылы ҚХА жанынан «Жомарт жан» қоғамдық орталықтары құрылғандығына зор мән берді. Жалпы, ҚХА мен қайырымдылық егіз ұғым екенін жақсы білесіздер. Ел Президенті Ассамблеяның қайырымды іс жасау бойынша 2024 жылы бірнеше волонтерлік және қайырымдылық акциялардың ұйымдастырылып, «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» акцияларын өткізгендігін ерекше атап өтті. Жалпы, өткен жылы ҚХА мүшелері мұқтаж азаматтарға барлық өңірлерді қосқанда барлығы – 1,3 млрд теңге көлемінде көмек көрсетіпті. Бұл – өте игілікті іс.

Өткен жылы Жамбыл облысында да «Жомарт жан» орталығы ашылып, төрағасы болып облыстық «Ахыска» Түріктер этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Жалил Азимұлы Аббосов сайланды. Президент атап көрсеткендей орталық 4 бағыт бойынша қызмет етеді: «Мектепке жол», «Жүректен жүрекке», «Қайырымдылық керуені», «Мейірімді жүрек». Адамзатқа берер сауабы мен пайдасы аса мол Қасиетті Рамазан айының бүгінгі бірінші күнінде «Жомарт жан» орталығымен бірге жалпы өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері аудан, ауылдарда және Тараз қаласында азық-түлік қоржындарын таратты. Қайырымдылық қоржындарын «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Хамида Турдыева бастаған ассамблея жастары әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына табыстады.

Ассамблеяның 30 жылдығында бүгінгі «Алғыс айту» күнімен тұстас келген Рамазан айының бірінші Ораза күнінде барша қазақстандықтар мен жерлестеріме, ҚХА ардагерлеріне, бір терінің пұшпағын бірге илесіп жүрген әріптестеріме, ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктері өкілдеріне зор алғысымды білдіре отырып, барлығына зор денсаулық, ашық аспан, мол ризық-несібе, бейбіт өмір мен тыныштық тілеймін!

Басты құндылығымыз – жалпықазақстандық бірегейлік пен этносаралық қатынастарды, бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен жасампаздықты нығайту жолында атқарып жатқан іс-қимылдарымызға береке берсін!

ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙДА ТАРИХИ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚХА-ның 30 жылдығына орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты экспозиция ашылды.

Салтанатты шараны облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева ашып, аймақтық ассамблея ардагерлерінің бірлік пен татулықты нығайту жолында атқарған еселі еңбектерін баяндады.

Сондай-ақ, облыстық Немістер қоғамдастығының төрағасы Александр Гибнер және республикалық «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасының орынбасары, жамбылдық жастар жетекшісі Хамида Турдыева тарихи көрменің келешек ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті.

Атаулы көрменің ашылуымен құттықтаған ҚХА меценаты Юрий Минаков пен облыстық М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Мухабат Турдыева салтанатты рәсімнің тұсауын кесті.

Айта кетейік, экспозицияда отыз жылда еңбек еткен Ассамблея ардагерлерінің жеке заттары, медальдары, фотосуреттері, құжаттары, алғыс хаттары сынды құнды жәдігерлері қойылған.

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС» МОНУМЕНТІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақ халқы мен түрлі этностардың достығын нығайту, бір-біріне алғыс айту арқылы бауырмалдық сезімді арттыруды көздеген Алғыс айту күні қарсаңында Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері мен құрылымдары, этномәдени бірлестік өкілдері Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы аясында облыс орталығында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Аймақтық Ассамблея мүшелері бұл мереке дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі екенін айтты.

Сондай-ақ, Алғыс айту күні достық, өзара көмек сияқты құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті.

 

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясындағы мерейтойлық шара салтанатты жиынға ұласты.

Мерекелік кеш Ассамблеяның 30 жылдығына арналған бейнероликтер көрсетілімінен басталды.

Мемлекеттік Гимн орындалған соң, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің тақырыптық театрландырылған қойылымымен жалғасты.

Салтанатты шарада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ҚР Президенті, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік құтықтауын жеткізіп, аймақтағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға атсалысқан ҚХА мүшелеріне айрықша алғысын айтты.

Бұдан соң Ербол Шырақпайұлы өңірдің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін аймақтық Ассамблея ардагерлері мен жұмысшы маман иелерін марапаттады.

Айта кетсек, «Құрмет» орденімен «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы облыстық филиалы директоры Махмуджон Давришев, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қордай Су» кәсіпорнының бригадирі Қазақбай Көкішев, Қордай аудандық тұрғын үй-коммуналдық ШЖК механигі Серік Жекебеков марапатталса, еліміздегі меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚХА «Жомарт жан» төсбелгісімен облыстық М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Мухабат Турдыева наградталды.

Сондай-ақ, Жамбыл облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театрының әртісі Әбиірбек Тінәлиевке және «Трансфер» ШЖ басшысы Владимир Бондаренкоға «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын табыстады.

Сонымен қатар, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» облыстық «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» ҚБ мүшесі Гани Каримов, Жамбыл аудандық «Ахыска» Түрік ЭМ орталығының өкілі Мехрали Хамдиев, Қордай аудандық «Отечество» Славян ЭМБ жетекшісі Любовь Харченко, еңбек және ҚХА ардагері Рано Убайдуллаева, Қордай аудандық «Чунтян» Дүнген халықтық-фольклорлық оркестрінің жетекшісі Айдир Кеян марапатталды.

Ал облыс әкімінің құрмет грамотасы Шу аудандық Орыс қауымдастығының жетекшісі Владимир Лыткин, облыстық «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» ҚБ мүшесі Шухрат Ирназаров, Талас аудандық Күрді орталығының өкілі Сулхадин Мустафаев, Т.Рысқұлов аудандық Орыс ЭМ орталығының жетекшісі Любовь Левицкая, еңбек ардагері Ұлтуар Бабақұлова, Қордай аудандық «Азери» Әзірбайжан ЭМБ жетекшісі Хаджибала Абдуллаев, облыстық ҚХА жанындағы ХШО клуб мүшесі Наталья Ремша, өңірлік ҚХА этномедиация кеңесінің мүшесі Қалдыбек Ниязовке және аймақ басшысының Алғыс хаты Шу аудандық «Ахыска» Түрік ЭМО өкілі Расул Кахорманов пен Жуалы аудандық «Дружба» Славян ЭМО мүшесі Валентина Ефремоваға бұйырды.

Салтанатты жиында облыстық «Днипро» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Федор Клименко және «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары Айгүл Кабиева да мерекелік құттықтауын білдірді.

Мерекелік кеш соңы этномәдени бірлестіктердің хореографиялық ансамбльдері және К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы концерттік бағдарламасымен тәмамдалды.

АССАМБЛЕЯ БӨБЕКТЕРІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындатуда «Әжемнің ертегісі» және «Ассамблея бөбектері» жобасының берері мол.

Достық үйінде өтіп жатқан мерекелік шаралар легі қарсаңында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев пен қатысушы қонақтар «Алтын шаңырақ» алаңшасында «Ассамблея бөбектерінің» қойылымын тамашалады.

Тараздағы №17 «Балбөбек» бөбекжай бақшасының бүлдіршіндеріне облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында татулық, достық тақырыбында ертегілер айтып берді.

Өз кезегінде бүлдіршіндер де Алғыс айту күніне орай Отанына, ұстаздарына, ата-аналарына арнап алғыс айтып, құттықтауларын жолдады.

ҚҰЖАТТАР АЛАҢШАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Достық үйіндегі мерейтойлық іс-шаралар барысында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы мен қонақтар Қазақстан халқы Ассамблеяның 30-жылдығына арналған архивтік құжаттар алаңшасымен танысты. Атаулы алаңшаны көпшілікке облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері Сағындық Зейнуллаұлы таныстырып, аймақтық Ассамблеяның тарихы, этномәдени бірлестіктердің құрылуынан хабар беретін құжаттар жайлы мәлімет беріп өтті.

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 30 ЖЫЛ» ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ

Тараздағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылу салтанаты өтті.

Мерейтойлық ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында Жамбыл облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Махметғали Сарыбеков сөз алып, тарихи тақтаның маңызына тоқталды. Бірлік пен бірегейліктің институты болған Ассамблеяның мерейтойына арналған ескерткіш тақтаны Жамбыл облысы әкімі Ербол Шырақпайұлы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері Күләш Әбдікешова ашты.

ҚОРЖЫН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Халықтар арасындағы ажырамас ынтымақ жібін жалғап жатқан игілікті істің бірі – қайырымдылық. Тұтастықтың тұғырын нығайту жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық шаралардан қалыс қалған емес.

1-наурыз Алғыс күніне және ҚХА-ның 30 жылдығына орай Достық үйінде өткен мерекелік жиын барысында «Қайырымдылық керуені» жобасы аясындағы «Қоржын» қайырымдылық акциясына бастау берілді.

Аталған жиында Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығының жетекшісі, облыстық мәслихат төрағасы Жалил Аббосов сөз алып, игілікті істердің ұйытқысы болып жүрген аймақтық Ассамблеяның толайым табыстарын атай келе, мерекелік құттықтауын жеткізді.

Жиын барысында облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан ауқымды қайырымдылық шараларды дер кезінде және жедел ұйымдастырып жіберетін жамбылдық ҚХА мүшелерінің жұдырықтай жұмылып атқарған еңбектерін ерекше атап өтіп, ақ батасын берді.

Ассамблеяның бастамасымен қолға алынған «Қайырымдылық керуені» акциясы 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Аталмыш ауқымды акция аясында жергілікті ҚХА өкілдерінің атсалысуымен қыстан қысылып шыққан, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетілуде.

Бүгінгі акция барысында республикалық «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасының орынбасары, жамбылдық жастар жетекшісі Хамида Турдыева бастаған Ассамблея жастары азық-түлік салынған себеттер мен сөмкелерді әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларына таратты.

БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ – 30 ЖЫЛ

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл. Жүзден астам этностар басын бір арнаға тоғыстырған еліміздегі іргелі институт бүгінде тұрақтылық пен тыныштықтың тірегіне айналып, этносаралық татулықты қамтамасыз ету сынды бірқатар маңызды миссияны атқарып келеді.

Тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейлі белесін мерекелеу аясында дәл бүгін еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар легі көрініс табуда.

Атаулы мерейтой және Алғыс айту күніне орай бүгін Достық үйінде ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің, сондай-ақ, өңірлік мәслихат, партия филиалдарының жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар, облыстық ҚХА мүшелері, құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің және қала тұрғындарының қатысуымен салтанатты жиын өтті. Аймақ басшысын облыстық «Радонеж» Орыстар қауымдастығының «Веснушки» қасықшылар және «Жетігеншілер» аспаптық ансамбльдерінің сүйемелдеуімен ҚХА Ардагерлері мен мүшелері, құрылымдары қарсы алып, тайқазанға толы дәм ұсынылды.

БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

 

Күні кеше Мемлекет басшысының «Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар» атты мақаласы шықты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді» дей келе, өзінің мақаласында 2024 жылда этносаралық келісімді нығайтуға, қақтығыстардың алдын алуға, этномедиацияны дамытуға, мамандарды даярлауға және этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асырғандығына тоқталып, бүгінде Қазақстанда 124-тен астам этнос өкілдерінің татулық пен келісімде өмір сүріп жатқандығын айрықша атап өтті. Олардың мемлекетіміздің толыққанды азаматтары және мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқандығын да тілге тиек етті. Сол ауқымды шаралардың бірі – 1 наурызда «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған республикалық телекөпірге аса мән берді. Әр өңірі 1-Наурыз – Алғыс айту күнін мерекелеуге қарқынды атсалысты.

Ел Президенті мақаласының басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі этносаралық келісім мен мәдениетті дамытудағы рөлін көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық бірлік пен полимәдениетті қоғам мәселелерін талқылау. Сонымен қатар, жас ұрпаққа ел бірлігі мен патриотизмнің маңыздылығын түсіндіру және этносаралық татулықты нығайту жолдары жайында болды.

Сонымен бірге, 2024 жылдағы ҚХА атқарған іс-шаралар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, оның еліміздегі қоғамдағы рөлі, сондай-ақ болашақта атқаратын маңызды міндеттері мен жүзеге асырылуы тиіс ірі жобаларға тоқталып, этносаралық татулықты сақтау мен көпмәдениетті қоғамды дамыту бағытында қабылдануы тиіс шаралар да сөз болды. Еліміздегі бірлік пен келісімді нығайту, әртүрлі этностар арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша өз толыққанды ойын білдірді.

Жалпы, бұл күн – барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Президентіміз бекіткен бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген алғыс айту күні. Өңірлер 1 наурызда «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған республикалық телекөпірге 2024 жылда да бір адамдай зор үлестерін қосса, үстіміздегі 2025 жылы да телекөпір марафонына үлкен ұйымшылдықпен, бар ықыластарымен белсенді үлес қосты. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы әр аймақтың беткеұстар, ерекше өзіндік жобаларын бүкіл республикаға паш етті. Мәселен, соның бірі – Жамбыл облысы бойынша ең алғашқылардың бірі болып, 2019 жылдан бері қолға алынған облыстық «Ассамблея бөбектері» жобасы. «Ассамблея бөбектері» жобасының мақсаты – бірлік, «достық үйі», бейбітшілік, келісім, «этнос» ұғымдары жөнінде бүлдіршіндердің түсініктерін бекіту, «жалпықазақстандық бірегейлік» деген терминді бала кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу және бүлдіршіндерінің туған жеріне, Отанына, еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыруды көздейтін шаралар өңірімізде жүйелі жүзеге асырылуда.

Осылардың ішіндегі «Әжемнің ертегісі» жобасының маңызы зор. Аймақта жалпы балалардың және этнос балаларының қиялын, сөз сөйлеу мәдениетін дамытуға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда өзіміздің халық ауыз әдебиеті үлгілерін ұдайы пайдаланып келеміз. Ертегі естіп өскен баланың ертеңі жарқын! Ертегі – баланың ең бірінші танысатын көркем әдебиеті болғандықтан, күнделікті айтып жүрген ертегілерді түрлендіріп отырамыз.

2024 жылы өңірлік «Ассамблея бөбектері» жобасы аясында «Әжемнің ертегісі» жобасы облыстық ҚХА Аналар кеңесінің бастамасымен 2024 жылдан бері еңсеріліп келеді, бірнеше бөбекжай-балабақшалары және облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесімен «Біртұтас тәрбие», «Таза Қазақстан», «Қазақтану», «Әжемнің ертегісі», т.б. жобалары бойынша меморандум жасалды. Нәтижесінде, 2024 жылы және 2025 жылдың екі айында өңір Аналарымен «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Тараз қаласы мен барлық 10 ауданда 333 балабақшада – 22 245 балаға ертегі оқылды.

Ерекше атап өтейін, әулиеаталық әжелер бүгінгі айтулы мерекеде Марфуға Рахметуллақызы басқаратын Тараз қалалық №17 бөбекжай-балабақша бүлдіршіндерімен бірге «Әжемнің ертегісі» қойылымын көпшіліктің назарына ұсынды. Шараны өңіраралық телекөпір арқылы тікелей эфирде «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Данияр Әлімқұл жүргізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы күні кеше жарияланған үндеуінде 2024 жылы ҚХА жанынан «Жомарт жан» қоғамдық орталықтары құрылғандығына зор мән берді. Жалпы, ҚХА мен қайырымдылық егіз ұғым екенін жақсы білесіздер. Ел Президенті Ассамблеяның қайырымды іс жасау бойынша 2024 жылы бірнеше волонтерлік және қайырымдылық акциялардың ұйымдастырылып, «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» акцияларын өткізгендігін ерекше атап өтті. Жалпы, өткен жылы ҚХА мүшелері мұқтаж азаматтарға барлық өңірлерді қосқанда барлығы – 1,3 млрд теңге көлемінде көмек көрсетіпті. Бұл – өте игілікті іс.

Өткен жылы Жамбыл облысында да «Жомарт жан» орталығы ашылып, төрағасы болып облыстық «Ахыска» Түріктер этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Жалил Азимұлы Аббосов сайланды. Президент атап көрсеткендей орталық 4 бағыт бойынша қызмет етеді: «Мектепке жол», «Жүректен жүрекке», «Қайырымдылық керуені», «Мейірімді жүрек». Адамзатқа берер сауабы мен пайдасы аса мол Қасиетті Рамазан айының бүгінгі бірінші күнінде «Жомарт жан» орталығымен бірге жалпы өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері аудан, ауылдарда және Тараз қаласында азық-түлік қоржындарын таратты. Қайырымдылық қоржындарын «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Хамида Турдыева бастаған ассамблея жастары әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына табыстады.

Ассамблеяның 30 жылдығында бүгінгі «Алғыс айту» күнімен тұстас келген Рамазан айының бірінші Ораза күнінде барша қазақстандықтар мен жерлестеріме, ҚХА ардагерлеріне, бір терінің пұшпағын бірге илесіп жүрген әріптестеріме, ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктері өкілдеріне зор алғысымды білдіре отырып, барлығына зор денсаулық, ашық аспан, мол ризық-несібе, бейбіт өмір мен тыныштық тілеймін!

Басты құндылығымыз – жалпықазақстандық бірегейлік пен этносаралық қатынастарды, бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен жасампаздықты нығайту жолында атқарып жатқан іс-қимылдарымызға береке берсін!

Мүбарак ЖИНАҚБАЕВА, облыс әкімдінінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы

Page 1 of 158
1 2 3 158