«ЖАСЫЛ ЕЛ, ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША» ЖОБАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Ағымдағы жылдың 23 мамыры күні №13 бөбекжай-бақшасында «Жасыл ел, жасыл балабақша» 100 кіші жоба аясында «Табиғаттың жас қорғаушылары», «Экологиялық тәрбие балабақшада» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту үшін бойларында экологиялық сана элементтерін, қоршаған әлемді, табиғатты түсіну, еңбекке баулу, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздеген жиынға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева және қаламыздағы балабақша қызметкерлері қатысты.
Семинар Мубарак Қасымқызы және қалалық білім бөлімінің әдіскері Гульфайраз Естаеваның облыстық ҚХА мен Тараз қалалық білім бөлімінің ортақ жобалары және балалар күні мерекесі қарсаңындағы құттықтау сөзмен ашылды.
Жиын барысында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының оқытушысы Забира Серикова тәрбиешілер мамандығының құндылығы, бала тәрбиесіне қатысты қазір таңдағы озық тәжірибелерге қатысты өз пікірімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар бұдан әрі жоғарыда аталған білім ордасының студенттері дайындаған бейнероликтер мен балалардың зерттеушілік қабілеттерін экологиялық тәрбие арқылы дамыту және мәдениетін қалыстастыруға қатысты баяндамаларын тыңдады.
Балабақшаның жас өрендері түрлі өнерлерін ортаға салып, жиынға қатысушылармен бірге еңбек жұмыстарында жасады. Сондай-ақ, балабақша қонақтары «Эко бақ» пен «Робот» кабинеттерінің тұсауын кесіп, балалар игілігіне пайдалау ұсынылды. Аталған кабинеттерде заманауи жылыжай мен өсімдіктерді баптаудың түрлі әдістері көрсетіліп, көрнекілітермен жабдықталған. Ал, «Робот» кабинеті болашақта өнеркәсіппен айналысам деген жеткіншектерді талаптандыра түсетін таптырмас орын.
Семинар соңында Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Гульфайруз Естаева аталмыш балабақша меңгерушісі мен әдіскеріне «Жасыл ел, жасыл балабақша» 100 кіші жоба аясында семинар-тренинг өткізіп, тәжірибесімен бөліскені үшін сертификаттар табыстады.