Entries by Администратор

«КИНО – ӨМІР АЙНАСЫ» КОВОРКИНГІ АЯСЫНДА «ЖЕРҰЙЫҚ» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

2025 жылдың 11 шілдесінде Тараз қаласы Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Кино – өмір айнасы» атты коворкинг форматындағы шара өтті. Шара аясында қазақ кино өнерінің көрнекті туындыларының бірі – «Жерұйық» көркем фильмі көрсетілді. Аталған шараға «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы мен өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – отандық кино арқылы жастардың ұлттық сана-сезімін ояту, тарихи […]

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

Қайырымдылық жасау – Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі игілікті істерінің бірі. Ізгілігі мол сауапты істен өңірлік ҚХА-ның этномәдени бірлестік мүшелері әсте қалыс қалған емес. Қайырымдылық қызметін үйлестіру – ҚХА жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Бұл жолы Жамбыл облысының Архыз «қарашай және балқар» этномәдени бірлестігі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте қайырымдылық акциясын өткізді. Аталмыш бірлестік төрағасы Леля […]

АЙМАҚТЫҚ АССАМБЛЕЯ АНАЛАРЫ СӘБИЛЕРГЕ ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТТІ

Бүгін – ұлттық домбыра күні. Бұл күн – ұлттық рухты жаңғыртып, өткен мен бүгінді жалғайтын қасиетті саз аспабымызға деген құрметтің белгісі. Атаулы күнге орай, «Қоғамдық келісім» мекемесі мен өңірлік ҚХА Аналар кеңесі жылдағы дәстүрге сай «Айналайын» акциясы аясында облыстық перинаталдық перзентханаға барып, мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарына құрмет көрсетті. 2019 жылдан бері желісі үзілмеген шара барысында аталмыш мекеме басшысы Мубарак […]

Дамудың және әділеттіліктің кепілі — Заң мен тәртіп!

​Ағымдағы жылдың бірінші шілдесі күні «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес «Балам, заңнан аттама!» жобасы аясында дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, білім саласы мен құқық қорғау органдарының басшылары мен мамандары, сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері, қоғам белсенділері, Ардагерлер және Аналар кеңесінің мүшелері, зиялы қауым және […]

ЖАМБЫЛДЫҚ ЭТНОС ЖАСТАРЫ ДОМБЫРАНЫ ҰЛЫҚТАДЫ

Ұлттық домбыра күні қарсаңында жамбылдық этнос жастары киелі аспапты қолға алып, күй күмбірлетті. Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде өткен «Домбыра – халқымның жүрегі» атты байқау ұлттық өнерді ұлықтаған этнос жастарын анықтады. Өнер сайысы қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнерін кеңінен насихаттап, талантты күйшілерді анықтауды мақсат етті. Аталған өнер […]

АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні. Осыған орай, өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділері қала тұрғындарына түсіндіру акциясын жүргізді. Шара аясында «Нашақорлық – болашаққа балта шабу» тақырыбымен ақпараттық буклеттер таратылып, нашақорлықтың зияны мен оның салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жастар тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттап, есірткіге қарсы күресте әрбір азаматтың белсенді болуы маңызды екенін жеткізді. Науқан мақсаты – […]

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – БІРЛІКТІҢ КЕПІЛІ

«Бірлігі жарасқан» жобасы аясында Тараз сервис және технологиялық колледжінде келелі кездесу ұйымдастырылды. Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ Ғылыми-сараптамалық бөлімінің басшысы Ербол Қаншымбеков және жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші сарапшысы Алмас Ақынтай қатысып, аталмыш колледж жастарына этносаралық татулық, қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары туралы баяндады. Атап өтсек, Ербол Бектұрғанұлы 87 этностар өмір сүретін Жамбыл жеріндегі толеранттылық пен татулық жайын өрбітсе, Алмас Саятұлы […]

ЖОБА МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

онфессияаралық келісім» топ мүшелері кезекті жұмысын Мойынқұм ауданында өткізді. Жұмыс тобы құрамында Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев, ғылыми-сараптамалық  қолдау бөлімінің бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті   Әскерден тыс жұмыс және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тобы бастығы,  лейтенант Ербол Бекмаханов бар. […]

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНА МҮШЕ АТАНДЫ

Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің бас сарапшысы Бибігүл Шахзада және жетекші-сарапшысы Ольга Макарова Қазақстан Журналистер одағының мүшесі атанды. 28 маусым- бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ҚР Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов арнайы төсбелгі мен куәлікті салтанатты  түрде табыстады. Аймақтың  ақпараттық […]

АНА – ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСТЫРУШЫСЫ

Ағымдағы жылдың 15-19 маусым күндері Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымдарына арналған «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» атты модульдік оқыту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. Оқу курсы аясында жиын спикерлері әйелдер мәселелері жөніндегі әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері, гендерлік бағдарды бюджеттік жоспарлауда ескеру, Аналар кеңесінің қазіргі кезеңдегі өзге мекемелермен өзара […]

Page 1 of 170
1 2 3 170