ОБА АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ
Аймақ тұрғындарының экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеру, аудан
тұрғындарының көкейінде жүрген түйткілді мәселелеріне ден қою және
этносаралық татулықты сақтау мақсатында жүзеге асырылып келе жатқан
«Бейбітшілік пен келісім» жобасының маңызы зор.
«Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері кезекті жұмыс
сапары аясында Т.Рысқұлов ауданына барып, ондағы тұрғындар тілегіне
құлақ асты.
Жұмыс тобының құрамында облыстық ақпарат және қоғамдық даму
басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, «Қоғамдық
келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, мекеме қызметкерлері,
Мансап және жұмыспен қамту орталықтары мен әскери сала мамандары бар.
Жоспарға сәйкес топ мүшелері ауданда орналасқан Ақыртөбе, Д.Қонаев,
Көгершін, Құлан, Луговой ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Жүздесу барысында ел ішіндегі толеранттық қарым-қатынас, әлеуметтік
желідегі арандатушылыққа жол бермеу, жастар тәрбиесі, әскери-патриоттық
тәрбие жайында сөз қозғалды.
Өз кезегінде тұрғындар да аудандағы ахуалды айтып, мәселелерін ортаға
салды. Атап айтқанда, газ, ауыз су бағаларының шарықтап өсуі, азық-түлік
қымбаттығы, қоғамдық жұмысқа тартылғандар жалақысының төмендігі,
жастар арасындағы жұмыссыздық, ұялы байланыс операторлары қызметінің
қымбаттауы мен сапасыздығына байланысты наразылықтарын жеткізді.
Сондай-ақ, ақпараттық түсіндіру тобы жұмысшы мамандықтар бойынша
тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындармен кездесу аясында Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің
сарапшысы Рианна Жалпанова әлеуметтік мониторинг жасады.




