ЖАСТАР АССАМБЛЕЯ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған бірегей
қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл отыз жыл толды.
Татулық пен тыныштықтың символы болған іргелі ұйымның бүгінгі таңда
жеткен жетістігі мен бағындырған белесі қаншама.
Осы орайда, бүгін Достық үйінде Жамбыл облыстық «Архыз» қарашай-
балқар этномәдени бірлестігі жастарға аталмыш институттың тарихынан
хабар беру мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Аталмыш бірлестік төрағасы Леля Узденова және бірлестікке қарасты
Аналар кеңесінің жетекшісі Раиса Хуртуева кездесу барысында балаларға
Ассамблеяның 30 жылда жеткен жетістіктері мен оған этномәдени
орталықтардың қосқан үлесі жөнінде әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, Леля Ахматовна Ассамблеяның өскелең ұрпақты патриоттыққа,
адамгершілікке тәрбиелеуге шақыратынын айта келе, маңызды жобалары
туралы баяндады.
Жиын соңы қос тараптың сұрақ-жауап алмасуымен түйінделді.