ВАНДАЛИЗМ-ҚОҒАМ ДЕРТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен вандализмге қарсы «Барыңды бағала» акциясы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысында айрықша ерлік көрсетіп қаза тапқан сұрмерген – Ыбырайым Сүлейменовтың ескерткіші жанында өтті.

Айрықша шараға ҚХА Ақсақалдар кеңесі, «Парасат» колледжінің студент жастары, 37- ші Ыбырайым Сүлейменов атындағы мектептің директоры, ҚХА ардагерлері кеңесінің төрағасы, басқа да зиялы қауым өкілдері қатысып, батыр рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Шарада ақсақалдарымыз Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, жерлесіміз – Сарысу ауданының тумасы, батыр- мерген Ыбырайым Сүлейменовтың сұрапыл соғыс кезіндегі жас ұрпаққа үлгі- өнеге болатын ерлігі туралы айтып,сұрмерген – Ыбырайым Сүлейменовтың ерлігі жастарға үлгі болу керектігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Ыбырайым Сүлейменов атындағы мектептің директоры Куляш Абдуллаева жастарға беймәлім архивтік мәліметтер жайында айтып, мектеп музейіне шақырды.

Парасат колледжінің студенттері ескерткіш аумағын артық шөптерден арылтып, сенбілік жұмыстарын жүргізді.

ЖАСТАР ВАНДАЛИЗМГЕ ҚАРСЫ

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен вандализмге қарсы «Барыңды бағала» акциясы Тараздағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы» монументінде жалғасты.

Облыстық ҚХА Аналар кеңесінің бастамасымен өткен шараға Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Мырза-Ғали және төраға орынбасары Сара Даузова, Фарида Нақыш, Жамбыл облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы, колледж студенттері қатысты.

Шарада облыстық «Жаңару» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев игі іске ризашылығын білдіріп, тарихи-мәдени ескерткіштерді құрметтеуге атсалысып жатқан жастарға алғысын айтты.

Бұдан соң, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Аракси Плетнева мәдени-тарихи құндылықтарды қастерлеу арқылы отанымызды құрметтеу қалыптасады дей келіп, ел мен жерге деген жанашырлық – «Адал азамат» тұлғасының ең асыл қасиеттерінің бірі екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ ғылыми қызметкері Сания Мекемтасқызы қазақ хандығының алғашқы хандары Керей мен Жәнібекке арналған мүсіндік композицияға ғылыми негіздеме беріп, қазақ хандығының 560 жылдығына орай өткізілген бүгінгі акцияны маңызды шара деп баға берді.

Аға буын өкілдерінен бағалы ақпараттар алған жастар қаламыздың әр қоғамдық игілігін күтіп ұстауға уәде беріп, мәдени игіліктерге қамқорлық жасап жүруге ізгі тілек- ниеттерін білдірді.

Аналардың басшылығымен жастар «Қазақ хандығына – 550 жыл» монументі аумағын қоқыстан тазартып, шаң-тозаңды сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

АҚСАҚАЛ ТАҒЫЛЫМЫ – ЖАСТАРҒА ШЫРАҒДАН

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ҚХА-ның 30 жылдығына «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» республикалық тақырыптық күні өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және өңірлік Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен жиынға кеңес мүшелері, азаматтық қоғам институттары, ғалымдар, сарапшылар, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, облыстық ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар жөніндегі мәселелер бөлімінің басшысы Серікжан Абдыкеримов қатысты.

Жиынды бастаған Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы – өңірлік Ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Ақылшаұлы «Ұлы ғұлама Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі бекер айтылмаған. Тәрбие басы талбесіктен басталады»-деп, жас ұрпаққа тәрбие беруде отбасының маңыздылығына жіті тоқталып, тағылымды тақырыпты ашып айтты.

Кездесуде «Жаңару» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев адалдықтың қоғамдағы рөлі мен маңызы турасында қазақтың қоғамдық-рухани қайраткерлері мысалында ( Д.Қонаев, Ө.Жәнібеков,Қ.Сатпаев, Әл-Фараби, Бұқар жырау, Абай, Шәкәрім, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Бауыржан Момышұлы) әділеттілік және патриотизм жастардың мәдени дамуы, азаматтық белсенділігін арттыру – мемлекетіміздің тұрақты дамуына әсер ететін маңызды фактор екендігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы ҚХА ҒСТ мүшесі, М.Х. Дулати атындағы ТарУ профессоры Сейдахан Бақторазов «Неліктен Қазақстан халқы бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруде?» тақырыбында баяндама жасап, Ассамблеяның маңызды істер атқарып жатқандығын және этносаралық келісім мен татулық, заң мен тәртіп, мемлекеттік тілді меңгеру, қолданылу аясын кеңейту сынды қомақты мәселелерді қамтыды.

Ал, Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төраға орынбасары Сара Даузова қоғамдағы тұрақтылықтың, мемлекетіміздің дамуы- жастардың санасының салауаттылығында деді. «Бес әлеуметтік кеселге талдау жасап, аналардың «Барыңды бағала» вандализмге қарсы қоғамдық акциясын қолдауға шақырса, ҒСТ тобының мүшесі , профессор Рысты Керімбаева Сингапур, Жапония, Германия сияқты мықты елдердің халықаралық тәжірибедегі білім беру, кәсібилік, еңбекқорлық негіздерін қалыптастырудағы халықаралық озық үлгілері жайлы баяндады.

Жиын қоғамда бейбітшілік, бірлік және келісім құндылықтары туралы түсінікті қалыптастыру, ақсақалдардың даналығы мен тағылымы қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуды мақсат еткен сарапшылар пікірімен өз мәресіне жетті.

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Қызыл-жұлдыз мәдениет үйінде Тараз қаласы Әулиеата ауданы әкімінің міндетін атқарушы Медет Нұрмаханов этнос өкілдерімен кездесу өткізді.

Жиынға облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева қатысты.

Түрлі этнос өкілдері қоныстанған ауыл тұрғындарымен кездесуде этносаралық келісім мен татулық, тұрақтылық сынды бірқатар мәселелер қарастырылды.

Кездесу барысында аймақтық Ассамблеяның тыныс-тіршілігі, толеранттылық, бірлік төңірегінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Жазира Мейрамбекқызы өз сөзінде баяндады.

Жиын этнос өкілдерінің түрлі сауалдарына жауап беріп, тұрғындардың тілек, ұсыныстарын білдіруімен тәмамдалды.

ФОРУМ АЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЭКСКУРСИЯ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында өтіп жатқан «Сыр елі – достық мекені» форумының бүгін екінші күні.

Форум ұйымдастырушылары бұл күнді бүгінде ел астанасы болғанына 100 толған Қызылорда шаһарының тарихы мен тағлымы тұнған аймақтарына саяхаттауға арнады.

Экскурсия барысында жастар Қызылорданың ел тарихындағы маңызын тереңірек ұғынып, қаланың астана болған кезеңіндегі саяси, мәдени өмірімен танысты. Көрікті жерлерін аралап, өткені мен бүгіні туралы тың деректермен танысты.

Естеріңізге сала кетейік аталған форумға Жамбыл жерінен «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары, өңірлік жастар ұйымының жетекшісі Хамида Турдыева, «Ассамблея жастары» ҚБ төраға орынбасары Хабиб Алиев және «Ассамблея жастарының» мүшесі Зуфар Саитханов қатысуда.

СЫР ЕЛІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында еліміздің белсенді жастары «Сыр елі – достық мекені» форумында бас қосуда. Республикалық форум Достық үйінде этномәдени бірлестік төрағаларының ұсынған ұлттық дәмінен ауыз тиіп, ақ баталарын алумен басталды.

Аталмыш жиынға Жамбыл облысынан «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары, өңірлік жастар ұйымының жетекшісі Хамида Турдыева, «Ассамблея жастары» ҚБ төраға орынбасары Хабиб Алиев және «Ассамблея жастарының» мүшесі Зуфар Саитханов қатысуда.

Форумның ашылуы салтанатына Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов қатысып, 2 күнге жоспарланған форум жұмысына сәттілік тіледі.

Форумының алғашқы секциялық отырысы «Болашақ» университетінде өтті. Басқосу жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыруға, жастардың кәсіптік бағдарын айқындауға арналды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбына орайластырылған секцияда қатысушылар мамандық таңдаудың маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұраныстар мен болашақ мүмкіндіктері туралы ой бөлісті.

Жиын «Кәсіптік бағдар – табысты өмірге бастар жол» деген оймен қорытындыланды.

Айта кету керек, форум аясында түрлі тақырыптардағы мазмұнды секциялық жұмыстар өтеді және жастар үшін маңызды тақырыптар талқыланатын болады.

КОНСТРУКТИВТІ КЕЗДЕСУ

Жуырда Жамбыл облысының әкімі, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Ербол Қарашөкеев аймақтық этномәдени бірлестіктер және ҚХА мүшелері, құрылымдары өкілдерімен кездесу өткізді.

Алқалы жиында ел бірлігі, патриоттық тәрбие, Ұлттық құрылтайдағы Президент тапсырмалары және ассамблея жобаларын сапалы жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Айта кетейік, әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді талқылау, оларды шешу бойынша мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы сындарлы диалог арқылы ұсынымдар әзірлеу үшін ҚХА Ақсақалдар кеңесі «Даналық көпірі» атты тұрғындармен интерактивті кездесулер циклын ұйымдастырады. Аталған шараға Ақсақалдар кеңесі мүшелері, тұрғындар, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдері қамтылатын болады.

Жиын соңында аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы халықтың өзекті мәселелерін талқылау және шешімдерді іздеу үшін мемлекеттік органдарға азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға тартуға тапсырма берді.

ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты республикалық фестивальдің облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Қазақстанның көпэтносты халқының мәдени мұрасын сақтау және насихаттауға бағытталған байқауға өңірлік Ассамблеяның шығармашылық ұжымдары қатысып, халық әндері, халық билері, халық аспаптары бойынша жеке және топ болып өнер көрсетіп, бақ сынасты. Аталмыш сайыстар бойынша қатысушылардың өнеріне облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония әншісі, Мәдениет саласының үздігі Назима Үсенова және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың бөлім меңгерушісі Қарлыға Қанапина әділ бағасын берді.

Байқау аясында мекеме басшысы Мубарак Қасымқызы сөз алып, аталған фестивальдің Қазақстан халқының мәдени дәстүрлерін дамытып, халық шығармашылығын дәріптеу арқылы мәдениетаралық алмасуды нығайтуға кеңінен жол ашатындығын жеткізді.

Фестиваль барысында әртүрлі этнос өкілдері халық әндерін орындап, ұлттық мәдениеттің сан қырын көрсетті. Орыс, қазақ, украин, күрді, дүнген, қарашай-балқар, грек және басқа да халықтардың өнерлері паш етілді.

Атап айтсақ, халық әндері аталымында «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» ҚБ «Асыл Ана» халықтық вокалдық ансамблі «Көк тудың желбірегені», «Жамбыл жастарының вальсі», «Радонеж» орыс ЭМБ «Калинка» вокалдық ансамблі «Мама», «Белый тополь, белый клен», Днепро украин ЭМБ «Маричка» вокалдық ансамблі «Ти ж мене підманула», «У сусіда хата біла» әндерін орындады. Ал облыстық немістер қоғамы ЭМБ «Поющие сердца» вокалдық ансамблі «Көктем вальсі», «Я приеду в Казахстан», Қордай аудандық «Отечество» славян ЭМБ «Соседушки» халықтық вокалдық ансамблі «Ночь проходит, а я у порога», «Я на печке молотила» және осы бірлестіктің балалар вокалдық «Ромашки» ансамблі «Ой зоря, зорюшка», «Астана кеші» және Т.Рысқұлов ауданынан келген «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі халық әні мен ретро әндерден шашу шашты.

Ал жеке орындауда қордайлық Харлампий Мироненко «Синяя вечность» және тараздық Наталья Гирина «Сүгірдің термесі», «Пелагея-ой да вечер» әндерін нақышына келтіре орындады.

Аспаптық орындау кезеңінде облыстық «Радонеж» орыс ЭМБ «Русский наигрыш» аспаптық ансамблі «Светит месяц», «Фантазия» Лядовская және «Веснушки» қасықшылар ансамблі «Казачья танцевальная» және халық әндерінен попури орындады.

Сонымен қатар, би ансамбльдері арасында өткен сында қалалық білім бөлімінің оқушылар сарайының Үлгілі «Жас дәурен» балалар хореографиялық ансамблі, облыстық білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізетін облыстық орталықтың «Бозторғай» тобы, облыстық гректер қоғамы ЭМБ «Infiniti» би ансамблі, «Архыз» республикалық ҚБ Бірлік-қарашай-балқарлардың облыстық филиалының үміткерлері «Деймох style» би ансамблі, «Вынхуа» дүнген ЭМБ «Цымый хуар» ансамблі, облыстық «Барбанг» күрділер ЭМБ «Күрді» би ансамблі, Достық үйі жанынан құрылған «Вдохновение» би ұжымы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.

Үш кезең бойынша бақ сынасқан іріктеу кезеңінде қазылар құрамының шешімімен халық аспаптары аталымы бойынша І орын «Веснушки» қасықшылар ансамбліне бұйырса, «Русский наигрыш» аспаптық ансамблі ІІ орынға ие болды.

Ал халық әндерін орындау бойынша қордайлық «Соседушки» ансамблі І орынды иеленсе, «Калинка» және «Маричка» өнер ұжымдарына ІІ орын бұйырып, «Асыл Ана» халықтық вокалдық ансамблі мен «Ромашки» ансамблі ІІІ орынға лайық деп табылды.

Және жеке орындау шеберлігі бойынша қордайлық Харлампий Мироненко І орынға иелік етіп, ІІ орын тараздық Наталья Гиринаға тиесілі болды.

Би аталымында «Бозторғай» би ансамблі жеңімпаз атанып, Үлгілі «Жас дәурен» балалар хореографиялық ансамблі ІІ орынға ие болса, «Деймох style» би ансамбліне ІІІ орын бұйырды.

Барлық жүлдегерлерді қазылар құрамы марапаттап, байқауға жоғары деңгейде атсалысқандары үшін алғыс білдірді.

 

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРДЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Шу ауданы Төле би ауылында “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен мемлекеттік саясаттың түрлі бағыттары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жобалар бойынша оқыту семинары өтті.

Семинарға Шу аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің подполковнигі Ажихан Абдрашев, Шу ауданы бойынша Мансап орталық филиалының кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің мамандары Нуридин Қоспанов, Бауыржан Қойшыбек қатысып, әскери саладағы әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемдер туралы, ауыл тұрғындарына және жастарға арналған кәсіпкерлікті қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалар төңірегінде бірқатар маңызды ақпараттарымен бөлісті.

Шараға этнос өкілдері тығыз шоғырланған ауылдық округтің мамандары, Шу қалалық және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, этнос өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

ТАРАЗДА ЖАСТАР ТЕАТРЫ АШЫЛДЫ

Халықаралық театр күні қарсаңында облыс орталығында Тараздағы жалынды жастардан құралған жаңа театрдың тұсауы кесілді.

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен тұсаукесерде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев шымылдығын жаңадан түрген жастар театрының ашылуымен құттықтап, мерекеге орай облыстағы театр майталмандарын марапаттады.

Сонымен қатар, мәдени шарада ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР құрметті журналисі, өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан жас театрға ақ тілегін білдірді.

Бұдан соң қалалық жастар театрының «Уақыттан биік әуен» атты қойылымының премьерасы көпшілік назарына ұсынылды.

Page 1 of 162
1 2 3 162