АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, Алматы қаласында ҚХА Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – ұлт келбеті» атауымен V республикалық форумы өтті.
Ауқымды жиынға Жамбыл облысынан өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан және «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Рахат Ерханов қатысты.
Еліміздегі 17 өңірдің өкілдерінің басын қосқан жиынның алғашқы күнінде қатысушылар «Metall Prom Group KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Алматы электромеханикалық колледжіне саяхат жасап, материалдық-техникалық базасымен танысты. Жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында ұйымдастырылған экскурсия барысында қатысушылар кәсіби және қоғамдық бірлікті нығайтуда ұрпақтар арасындағы тәлімгерлік пен диалогтың рөлі маңызды екенін алға тартты.
Келесі күні ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысуымен пленарлық отырыс ұйымдастырылды.
Форумда Мемлекет басшысының ҚХА ХХХІV сессиясында белгіленген тапсырмаларын өңірлерде іске асыру мәселесі, Ақсақалдар кеңесі жанындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметі және халқымыздың іргелі құндылықтары негізінде жастарды тәрбиелеу сынды өзекті тақырыптар тақратылды. Ерекше атап өтейік, мазмұнды жиында Марат Алмасұлы өңірлік Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Ақылшаұлының бастамасымен киелі Әулиеатада ілгерілетіліп жатқан «Ақсақалдар тағылымы» жобасының республика көлемінде маңызды екенін айтып, аталмыш жобаны өзге өңірлерге енгізу қажеттігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, жиын соңында Ақсақалдар кеңесінің үйлестірушілеріне арналған семинар ұйымдастырылып, онда кеңестің жұмысын жүргізіп, жетілдіру бағытында мандар тәжірибе.