БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ
Жамбыл облыстық ҚХА Аналар және Ақсақалдар кеңесі балалар күні мерекесін биылғы жылы айрықша атап өтті.
«Бар жақсылық балаларға» деген ұранмен аймақтық Ассамблеяның аталмыш құрылымдары Тараз қаласына қарасты Жалпақтөбе алабындағы бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік шараға № 34 орта мектеп директоры Салтанат Ботақұлова және В.Чкалов атындағы орта мектеп басшысы Гүлзат Данаева, Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінің меңгерушісі Торғын Орынбекова, № 5 округ инспекторы Олжас Әбенов, Жалпақтөбе алабының ақсақалы Сапил Тәжиев, Қазақстанның дүнген республикалық этномәдени орталығының төрағасы Зайнуддин Махусеев, қалалық дүнген этномәдени орталығының жетекшісі Зиявидин Джамалов, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстанның дүнген республикалық этномәдени орталығы Аналар кеңесінің төрағасы Сара Даузова, сондай-ақ, Жалпақтөбе алабының кәсіпкерлері қатысты.
Айтулы күн қарсаңындағы шара № 34 орта мектеп пен В.Чкалов атындағы орта мектебі жанындағы лагерь және шағын орталықтың ашылуымен бастау алды.
Бұл күні балаларға түрлі ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар концерттік қойылымын ұсынып, кештің көркін келтірді.
Мереке иелеріне арнап кеңсе тауарлары, түрлі ойыншықтар тарту етілді.