МЕН ОҚЫДЫМ – САҒАН ҰСЫНАМЫН!

«Әулиеата кітап оқитың өңір» жобасы өңірімізде кітап оқу мәдениетін
дамытуға үлкен серпін беруде. Жыл басында Жамбыл облысының әкімі
Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен қолға алынған жоба қоғамның барлық
буынын кітап оқып, рухани баюға үндеп келеді.
Баянды бастама аясында бүгін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі кітап оқитын жастар санын арттыру
мақсатында «Мен оқыдым – саған ұсынамын!» атты кітап алмасу шарасын
ұйымдастырды.
Мазмұнды жиынға облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Жазира Шілдебаева мен Рианна
Жалпанова да қатысып, сүйікті шығармалары туралы ой бөлісті.
Шара аясында жастар өздері оқыған Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек»,
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы секілді шоқтығы биік
шығармалары жинақталған кітаптарды өзара алмасты.
Сондай-ақ, онда қатысушыларға кітап оқитын адамның артықшылығы мен
қызығушылықтарын арттыру бағытында әсерлі әңгімелер айтылды.