«КИНО – ӨМІР АЙНАСЫ» КОВОРКИНГІ АЯСЫНДА «ЖЕРҰЙЫҚ» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ
2025 жылдың 11 шілдесінде Тараз қаласы Жастар орталығының
ұйымдастыруымен «Кино – өмір айнасы» атты коворкинг форматындағы
шара өтті. Шара аясында қазақ кино өнерінің көрнекті туындыларының бірі –
«Жерұйық» көркем фильмі көрсетілді.
Аталған шараға «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы мен өңірлік «Ассамблея
жастары» ҚБ өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты – отандық кино арқылы жастардың ұлттық сана-сезімін
ояту, тарихи оқиғаларға деген қызығушылығын арттыру және ел бірлігін,
татулық пен келісімнің маңызын насихаттау. Сонымен қатар, жастар
арасында мәдени-рухани тәрбие беру, патриоттық құндылықтарды дәріптеу
де басты назарда болды.
«Жерұйық» фильмі көрермендерге терең әсер қалдырып, өткен тарихымызға
ой жүгіртуге мүмкіндік берді. Шара соңында қатысушылар фильм мазмұны
жайында пікір алмасты.



