БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМІНІҢ БІРЕГЕЙ ҮЛГІСІ

Биылғы жыл біз үшін өте керемет жылдардың бірі. Себебі, бірлігімізді
қуаттап, берекемізді асырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына 30
жыл толып отыр. Біреуге аз, біреуге көп әйткенмен 30 жыл Ұлы Дала
халқының басынан судай сырғып өтіп кетті дей алмаймын. Қандай қиындық
келсе де ел болып еңсеріп, қуаныш келсе құттықтасып еселеп жүрміз. Бұл
бірінші кезекте тонның ішкі бауындай ымыралы өмір сүріп жатқанымыз бен
бауырмалдығымызда дер едім.
Құндылығымызды ұлықтап, құқығымызды теңестіріп қойған сүйікті
Отанымыздағы ҚХА этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуда
маңызды рөл атқарып келеді.1995 жылы құрылған ҚХА бүгінде
мемлекетіміздің бейбітшілік пен тұрақтылығын сақтаудың бірегей институты
ретінде қалыптасты.
Тарихтың бұл ғажайып құбылысына әлем куә десем артық болмас.
Мерейлі жылың құтты болсын, Ассамблея!
Леля Узденова, Жамбыл облыстық «Архыз» қарашай-балқар
этномәдени бірлестігінің төрағасы