БАЙЗАҚТА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Алғыс айту күні қарсаңында облыстың барлық аудандарында ауқымды шаралар легі жалғасуда.

Осыған орай, күні кеше Байзақ ауданында «Басты құндылығымыз: Достық, Бірлік, Келісім!» тақырыбында Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті.

Алқалы жиынға облыстық ҚХА Төрағасының қоғамдық орынбасары, Ақсақалдар кеңесі төрағасы Асқарбек Сейілхан, «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева, ҚХА медиаторы Ғайни Көшекбаева, облыстық Неміс қоғамдастығының өкілдері Татьяна Осипова, Владимир Вайцель және Бурыл ауылдық Түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Кирман Сарымамедов қатысты.

Жиын барысында «Мектеп медиациясы» орталығы ашылып, онда «Қазақ елі – достық мекені» атты ұлттық киімдер мен тағамдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Салтанатты шарада Байзақ аудандық мәслихатының өкілі Бахтияр Ақбаев сөз алып, форум жұмысына сәттілік тіледі. Алқалы жиында достық, бірлік, этносаралық қатынас, ұлттық бірегейлік секілді мазмұнды мәселелер талқыланып, кеңес өкілдері өзіндік пікір алмасты.