АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні. Осыған орай, өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділері қала тұрғындарына түсіндіру акциясын жүргізді.

Шара аясында «Нашақорлық – болашаққа балта шабу» тақырыбымен ақпараттық буклеттер таратылып, нашақорлықтың зияны мен оның салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жастар тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттап, есірткіге қарсы күресте әрбір азаматтың белсенді болуы маңызды екенін жеткізді.

Науқан мақсаты – қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, әсіресе жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, олардың өмірлік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға үлес қосу.

Ал мұндай игі шаралар арқылы қоғамды бейжай қалмауға шақырып, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған нақты қадамдар жасалуда.