ЖҰМЫСШЫ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «ҚХА. Парламент. Мәслихаттар» тапсырмасы, «2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы» және «Еңбек күні» күніне сәйкес тамыздың 29 күні «Өндірістік-сауда «LL» компания ЖК өндірістік ұжымымен кездесу өтті.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «КӘСІПday» жобасын ілгертеуде жастарды өңірдегі түрлі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын таныстыру көзделген жиынға аймақтық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, өңірлік ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейлхан, облыстық мәслихатының депутаты, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Жанат Бастаубаева, облыстық мәслихатының депутаты, өңірлік ҚХА «Жомарт жан» орталығының басшысы, облыстық «Ахыска» түріктер этномәдени бірлестігінің облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жалил Аббосов және жастар қатысты.
Жиын «Өндірістік-сауда «LL» компания ЖК-нің директоры Латиф Айдаровтың қонақтарға кәсіпорын жұмысын және ұжым қызметкерлерін таныстырумен басталды.
Кездесуде Асқарбек Ақылшаұлы мен Жалил Азимұлы ұжым қызметкерлірінің еңбегін жоғары бағалап, сәттілік тіледі.
Жүздесу соңында маслихат депутаты Жанат Бастаубаева кәсіпорын қызметкерлері Дінмұхаммед Сатыбалды, Анна Ожогова, Александр Айдаровқа облыстық мәслихаттың, Иван Свинцовқа Жалил Аббосов облыстық ҚХА алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстады.
Жиын соңы естелік суреттерге түсумен түйінделді.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТУДА

Өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде Білім күніне орай, этномәдени бірлестіктердің демеушілігімен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді.
Кезекті игілікті іс ағымдағы жылдың 28 тамызында «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтті.
Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов бастаған бірлестік белсенділері Примкул Нарзикулов, Рустам Султанходжаев, Лобара Аширова жалпы білім беретін мектептің 15-тен астам оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтарымен қоса мектеп формалары, аяқ қиімдер, сөмкелер табыстады.
Акциянын мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылы алдында әлеуметтік көмек көрсету болатын.
Аталмыш науқан алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылармен шеберлік сағаты өтті.
Кездесуге Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Орыс этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Оксана Дьяченко, ҚХА жанынан құралған шеберлер клубының және «Қолөнер-Тараз» ҚБ мүшесі Ольга Хабарова арнайы келіп, қатысушыларға орыс халқының ұлттық қуыршақтарын жасаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін үйретті.
Шебер өз сөзінде бұл қуыршақтарды жасауда орыс этносының өзіндік мәдени құндылығы бар екенін атап өтті.
Шеберлік сыныбы барысында күзде піскен дәнді дақылдармен (бидай, тары, қарақұмық, жүгері) толтырылған дорбалардан әйел бейнесіндегі қуыршақтар тігіліп, түрлі киім үлгілерімен безендірілді.
Орыс халқына сай ою-өрнектермен нақышталған жастықтар, қуыршақтар тігіп, қолөнердің сырлы әлемімен танысқан оқушылар жиын соңында шеберлерге алғыстарын айтып, естелік суреттерге түсті.

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНДА

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы – аймақтағы этнос өкілдері көп шоғырланған елді мекендердегі этносаралық келісімді нығайтуға және халықты толғандыратын мәселелерді анықтауға бағытталған.
Мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру жобасы Сарысу ауданында өз жалғасын табуда. Аталмыш жоба аясында арнайы құрылған «Этносаралық және конфессияаралық келісім» тобы тұрғындарымен арнайы кездесті.
Аталмыш топ құрамында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Әскерден тыс жұмыс және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тобының бастығы, лейтенант Ербол Бекмаханов және Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ермахаов бар.
Жұмыс тобы аудан орталығы Жаңатас қаласы және Арыстан, Саудакент ауылдарына барып, тұрғындар тілегіне құлақ түрді.
Кездесу барысында тұрғындарға Мубарак Қасымқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты XXXIV сессиясының шешімдерін іске асыру төңірегінде бірқатар мәселелер, аймақтық Ассамблеяның жобалары туралы айтылып, аудандық прокуратура қызметі тарапынан заңнамалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында «Манас» қырғыз этномәдени бірлестігінің жетекшісі Алтай Сатыбеков аудандағы этностардың тыныс-тіршілігінің жайымен бөлісіп, жүрек жарды өлеңінде арнады. Бұдан өзге этностардың түрлі тақырыптардағы мәселелері тыңдалып, шешу жолы қарастырылды.
Кездесу соңы жиынға қатысқан аудандағы бірлестік жетекшілер және белсенді өкілдерінің естелік суреттерге түсуімен түйінделді.

ТАРАЗДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ОРЫН АЛДЫ

Жыл сайын «Мектепке жол» республикалық акциясы 1 тамыз -30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акциянын мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылы алдында әлеуметтік көмек көрсету.
Өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы жылда дәстүрлі түрде Білім күніне орай, аталған акциясының аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің демеушілігімен қайырымдылық іс-шараларын өткізеді.
Осыған орай, ағымдағы жылдың тамыз айы соңында Республикалық дүнгендер этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузованың басшылығымен Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Рамазан Джамалов пен Хайрулла Азимовтың қолдауымен №34 және В.Чкалов атындағы жалры білім беретін мектептерінің 30-дан астам оқушыларына мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарымен қоса мектеп формалары, аяқ қиімдер, сөмкелер берілді.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА БАСТАЙДЫ

«БАРБАНГ» Қазақстан күрдтерінің Республикалық қауымдастығы Жамбыл облысы Жамбыл ауданының ауылдарында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.
Ауылдық жерлерден 50-ден астам бала қажетті кеңсе тауарларымен жабдықталған сөмкелер алды.
Айта кетейік, ҚХА-ның жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасып, елдің барлық өңірлерін қамтиды.

ШЫМКЕНТТЕ ҚХА ЖАСТАРЫНЫҢ «БІЗ БІРГЕМІЗ» ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

Шымкент қаласында 24-25 тамыз күндері Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының «Біз біргеміз» достық лагері ұйымдастырылды.
Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастар қатысты.
Атап айтқанда қатысушылар қатарында өңірімізден «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері Салахадин Алиев, Мишель Вернер, Нұрсұлтан Искендеров болды.
Екі күнге жоспарланған лагерь Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ассамблея жастары» ұйымының ұйытқы болуымен «Красные скалы» демалыс аймағында өтті. Лагерьдің негізгі мақсаты – жастар арасында жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеу, патриоттық рухты күшейту және Мемлекет басшысының нашақорлық, ойынқұмарлық, зорлық-зомбылық, ысырапшылдық сынды әлеуметтік дерттерден арылу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға атсалысу.

Меркі ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Роза Байбосынова бастаған аналар кеңесі және «Белсенді ұзақ өмір» орталығының аналар қауымымен бірлесіп, Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп гимназия бастауыш сыныпоқушыларына қажетті мектеп құрал-жабдықтарын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша табыстады.
Жас бүлдіршіндердің жүзіндегі қуаныш пен алғыс – бұл акцияның басты жетістігі.
Жақсылық жасап қамқор болайық!

 

ПОЛЯК ЭТНОСЫ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

2025 жылдың 23 тамызында«Полонез» поляк тіл және мәдениет орталығының төрағасы Лариса Кальково, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің белсенді өкілі, «Полонез» поляк мәдениет және тілдер орталығы қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Аракси Плетнева бастаған аналар кеңесінің өкілдері өмірлік қиын жағдайға ұшыраған балаларға арналған орталыққа (Сарымолдаев атындағы балалар үйі) барды. Кеңес мүшелері балаларға оқу жылына арналған оқу құралдарын таратып, жеміс-жидек пен тәттілер үлестірді.
Балаларға арнайы келген кеңес мүшелері поляк тұшпаралары мен пирогтарын жасау бойынша мастер-класс өткізді.
Сәйкесінше балаларда қонақтарға өз армандары, болашаққа деген жоспарлары және жетістіктері туралы әңгімеледі.

«КӘСІПDAY» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы.
Осыған орай 20 тамызы күні «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар
кеңесінің «КӘСІПday» жобасының ашылуы өтті.
Рәсімге облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқарма және бөлімдері, кәсіпкерлер, қарапайым еңбек адамдары, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің
өкілдері, ЭМБ өкілдері, өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ өкілдері, ЖОО студенттері, колледж білімгерлері), БАҚ өкілдері қатысты.
Жобаның басты мақсаты өңірдегі адал еңбегімен және табысқа адал жолмен жеткен түрлі сала мамандарын қоғамға
кеңінен таныстыру, еңбек адамының жағымды имиджін қалыптастыру. Жастардың кәсіпкерлік бейімділігі бойынша «әлеуметтік
сатыларын» нығайтып, олардың бойында нақты дағдыларды дамыту, заманауи технологиялар арқылы медиалық қабілет деңгейін
арттыру болатын.
Жиын «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева мен Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, өңірлік ҚХА
төрағасының орынбасары Асқарбек Сейлхановтың алғы сөздері және «КӘСІПday» жобасының таныстырылымы туралы видео ролик
көрсетілімімен басталды.
Ары қарай облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы өнеркәсіп бөлімінің басшысы Талғат
Шалдарбеков аймақтағы кәсіпкерлік саласының жетістіктері туралы баяндап, өзінің тәжірибелерімен бөлісті.
Бұдан өзге кәсіптен нәсібін тауып, осы жолда жасаған жұмыстары және кеңестерімен бөліскендер қатарында
«Таразкожобувь» ЖШС-нің директорының орынбасары Шамухтар Шаюнусов, «Сәуле» кондитерлік фабрикасының маркетинг және
PR бөлімінің басшысы Екатерина Вескина, «RANO KOMFORT SERVICE» ЖШС-нің директоры Рано Шадыханова және «Avero» матрас
фабрикасы басшысының көмекшісі Дулат Маратұлы секілді бірқатар кәсіпкерлер болды.
Жиын соңында еңбек адамы Ильяс Ешенқұлов өзінің жүріп өткен жолдары, жасаған жұмысының жеңістері мен жемістері
туралы жиылған қауыммен бөлісіп, жастарды еңбекқорлыққа шақырды. Мекеме басшысы Мубарак Қасымқызы Еңбек адамына
ерекше құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады. Ал, кәсіпкерлер аймақтық Ассамблеяның тарихы жазылған кітап алып тарқасты.
Page 1 of 2
1 2