ЖҰМЫСШЫ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ
«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «ҚХА. Парламент. Мәслихаттар» тапсырмасы, «2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы» және «Еңбек күні» күніне сәйкес тамыздың 29 күні «Өндірістік-сауда «LL» компания ЖК өндірістік ұжымымен кездесу өтті.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «КӘСІПday» жобасын ілгертеуде жастарды өңірдегі түрлі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын таныстыру көзделген жиынға аймақтық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, өңірлік ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейлхан, облыстық мәслихатының депутаты, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Жанат Бастаубаева, облыстық мәслихатының депутаты, өңірлік ҚХА «Жомарт жан» орталығының басшысы, облыстық «Ахыска» түріктер этномәдени бірлестігінің облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жалил Аббосов және жастар қатысты.
Жиын «Өндірістік-сауда «LL» компания ЖК-нің директоры Латиф Айдаровтың қонақтарға кәсіпорын жұмысын және ұжым қызметкерлерін таныстырумен басталды.
Кездесуде Асқарбек Ақылшаұлы мен Жалил Азимұлы ұжым қызметкерлірінің еңбегін жоғары бағалап, сәттілік тіледі.
Жүздесу соңында маслихат депутаты Жанат Бастаубаева кәсіпорын қызметкерлері Дінмұхаммед Сатыбалды, Анна Ожогова, Александр Айдаровқа облыстық мәслихаттың, Иван Свинцовқа Жалил Аббосов облыстық ҚХА алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстады.
Жиын соңы естелік суреттерге түсумен түйінделді.














