ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ
Қайырымдылық жасау – Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі игілікті
істерінің бірі.
Ізгілігі мол сауапты істен өңірлік ҚХА-ның этномәдени бірлестік мүшелері
әсте қалыс қалған емес. Қайырымдылық қызметін үйлестіру – ҚХА
жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
Бұл жолы Жамбыл облысының Архыз «қарашай және балқар» этномәдени
бірлестігі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте
қайырымдылық акциясын өткізді.
Аталмыш бірлестік төрағасы Леля Узденова және басқарма мүшесі Камила
Битуева, осы этномәдени бірлестіктің аналар кеңесінің төрағасы және өкілі
Раиса Хуртуева мен Джаухарат Чабдарова балаларға тәттіге толы 30 қаптама
шоколад кәмпиттерін әкеліп, таратты.
Шара соңында Леля Узденова көрермендер алдында ізгі тілегін білдірді.




