«КӘСІПDAY» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы.
Осыған орай 20 тамызы күні «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар
кеңесінің «КӘСІПday» жобасының ашылуы өтті.
Рәсімге облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқарма және бөлімдері, кәсіпкерлер, қарапайым еңбек адамдары, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің
өкілдері, ЭМБ өкілдері, өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ өкілдері, ЖОО студенттері, колледж білімгерлері), БАҚ өкілдері қатысты.
Жобаның басты мақсаты өңірдегі адал еңбегімен және табысқа адал жолмен жеткен түрлі сала мамандарын қоғамға
кеңінен таныстыру, еңбек адамының жағымды имиджін қалыптастыру. Жастардың кәсіпкерлік бейімділігі бойынша «әлеуметтік
сатыларын» нығайтып, олардың бойында нақты дағдыларды дамыту, заманауи технологиялар арқылы медиалық қабілет деңгейін
арттыру болатын.
Жиын «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева мен Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, өңірлік ҚХА
төрағасының орынбасары Асқарбек Сейлхановтың алғы сөздері және «КӘСІПday» жобасының таныстырылымы туралы видео ролик
көрсетілімімен басталды.
Ары қарай облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы өнеркәсіп бөлімінің басшысы Талғат
Шалдарбеков аймақтағы кәсіпкерлік саласының жетістіктері туралы баяндап, өзінің тәжірибелерімен бөлісті.
Бұдан өзге кәсіптен нәсібін тауып, осы жолда жасаған жұмыстары және кеңестерімен бөліскендер қатарында
«Таразкожобувь» ЖШС-нің директорының орынбасары Шамухтар Шаюнусов, «Сәуле» кондитерлік фабрикасының маркетинг және
PR бөлімінің басшысы Екатерина Вескина, «RANO KOMFORT SERVICE» ЖШС-нің директоры Рано Шадыханова және «Avero» матрас
фабрикасы басшысының көмекшісі Дулат Маратұлы секілді бірқатар кәсіпкерлер болды.
Жиын соңында еңбек адамы Ильяс Ешенқұлов өзінің жүріп өткен жолдары, жасаған жұмысының жеңістері мен жемістері
туралы жиылған қауыммен бөлісіп, жастарды еңбекқорлыққа шақырды. Мекеме басшысы Мубарак Қасымқызы Еңбек адамына
ерекше құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады. Ал, кәсіпкерлер аймақтық Ассамблеяның тарихы жазылған кітап алып тарқасты.