АСТАНАДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Астана қаласында «Конституция – Әділет пен парасат жолы»
тақырыбында дөңгелек үстел отырысы мен кітап көрмесі өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың,
соның ішінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Президенттік
орталықтың, РЭМБ-нің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, сондай-ақ
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өңірлердегі «Қоғамдық келісім»
КММ онлайн режимде қатысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы құндылықтары аясында
құқықтық және этномәдени сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамдық
диалогты дамытуды көздеген жиынға Жамбыл өңірінен «Қоғамдық келісім»
КММ басшысы Мубарак Жинақбаева және басшы орынбасары Сәуле
Досымбекқызы онлайн форматта қатысқан болатын.
Дөңгелек үстел аясында конституциялық реформаларға, әділдікке, адам
құқықтарына, этносаралық келісімге және азаматтық қоғамды дамытуға
арналған кітап көрмесінің ашылуы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне
қарасты Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының
орынбасары Анар Бекбаева, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Президенттік орталық директорының орынбасары Ботагөз Қаипова, ҚХА
Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Камал Әлпейісова, «Ассамблея
жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумубаев
және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этномедиаторы
Рүстем Бектұрумовтар қатысып, тақырыптық баяндама жасады. Пікірталас
барысында этносаяси саясатты дамыту перспективалары, Қазақстан
қоғамының құқықтық және моральдық негізі ретіндегі Конституцияның рөлі
қарастырылып, бірлік, әділеттілік пен азаматтардың құқықтық санасын
нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара соңында қатысушылар пікір
алмасып, алдағы өзара іс-қимыл бағыттарын талқылады.




