ЖОБА МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
онфессияаралық келісім» топ мүшелері кезекті жұмысын Мойынқұм ауданында өткізді.
Жұмыс тобы құрамында Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев, ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті Әскерден тыс жұмыс және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тобы бастығы, лейтенант Ербол Бекмаханов бар. Аталған топ мүшелері ауданға қарасты Қияқты, Мирный, Ақсүйек ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайы айтылып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру секілді бірқатар мәселелер көтерілді.
Өз кезегінде тұрғындар да көкейде жүрген сауалдарын жолдап, топ мүшелерінен мардымды жауап алды.




