ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНА МҮШЕ АТАНДЫ
Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің бас сарапшысы Бибігүл Шахзада және жетекші-сарапшысы Ольга Макарова Қазақстан Журналистер одағының мүшесі атанды.
28 маусым- бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ҚР Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов арнайы төсбелгі мен куәлікті салтанатты түрде табыстады.
Аймақтың ақпараттық саласында еңбек етіп келе жатқан әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілей отырып, марапаты құтты болсын дейміз!



