10 тамыз – хакім Абайдың туған күні.

Биыл Ұлы ақынның дүниеге келгеніне – 180 жыл. Осыған орай, Тараз қаласында бүгін Абай ескерткішінің алдында гүл шоқтары қойылды. Атаулы іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған бірқатар зиялы қауым өкілдері, сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен аймақтық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.