ҚХА ЖАСТАРЫ АБАЙ ОҚУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
Күні кеше Абай өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған республикалық «Абай
оқулары»ұйымдастырылды.
Атаулы шараға еліміздің түкпір-түкпірінен
келген 40-қа жуық жас қатысты.
Мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамыту,
Абай Құнанбайұлының
рухани мұрасын және Қазақстанның мәдени
құндылықтарын жастар арасында насихаттауды мақсат еткен тағылымды
шараға Жамбыл өңірінен «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділері Иминжан
Сметов пен «Алтын шаңырақ» студенттік ассамблеясының төрағасы Аяна
Ким де қатысқан болатын.
Ауқымды мәдени-рухани бағдарлама барысында түрлі этнос өкілдері киелі
Жидебай жеріне барып, Абай мен Шәкәрім кесенесіне, Күшікбай ата
мазарына, Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөріліге саяхат жасады. Сондай-ақ
қатысушылар викториналар мен зияткерлік кездесулерге қатысып, ұлттық
рухты дәріптейтін шараларға белсене атсалысты.
Абай музейінің аумағындағы «Абай және ұлдары» ескерткішіне гүл
шоқтарын қойған жастар ақын рухына тағзым етті.
Өз кезегінде «Ассамблея жастары» республикалық қозғалысының төрағасы
Тимур Джумурбаев та жастардың Абайға деген қызығушылығы – елдің
рухани жаңғыруының көрінісі екенін атап өтті. Ал шара барысында
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат
Әзілхановтың арнайы құттықтау хаты оқылды.
Жамбылдық жастар да Жидебай жеріндегі рухани жиыннан алған әсеріне
айрықша тоқталды.




