ЖУРНАЛИСТИКА- ЖАСТАР КӨЗІМЕН
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Тараздағы Достық үйінде өңірлік
«Ассамблея жастары» ҚБ мүшелерінің қатысуымен «Жаңа толқын» жобасы
аясында «ProMediа» 2 атты іс шара өтті.
Жастардың көптен бері медиасауаттылыққа қатысты сұрап жүрген
сауалдары мен талаптарына сай «Қазақстандық Татар және башқұрт
конгресі» РҚБ жастар қанатының төрағасы, облыстық
телеарнасының журналисі Риналь Рахматуллин өзінің достық дәрісін
Журналистика әлемінен бастады.
Журналистика саласының қызығы мен шыжығы, қыр-сырына
тоқталған соң спикер-жаттықтырушы медиа ақпарат кеңістігіндегі
ақпараттық жарияланымды әлеуметтік желілерде жариялаушыға кеңес
ретінде түрлі қызықты әдіс-тәсілдер ұсынды.
Мәселен, сұхбат аларда спикермен сөйлесу мәдениеті, сұхбат берушіні
сөз техникасы арқылы баурап алу, тіл мәдениеті, стилистикасына мұқият
түрде тоқталып, аудиторияның қызығушылығын туғызып, қатысушыларды
серпілтті. Олардың сұрақтарына жауап беріп, жастардың кез-келген оқиғаға
қатысты дұрыс және сауатты пікір білдіре алатындай жағдайда болуы керек
екенін жеткізді.
Бүгінде журналистиканың заманауи бағытының бірі немесе фриланцер
мамандықтарына айналған әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істеу жүйесі
жан-жақты және сағат сайын қарқын алып өсуде. Аталған мамандықтар
бәсекеге қабілетті ел жастарының әрбірінің бойынан табылуы тиіс. Осыған
орай семинарға қатысуышаларға заманауи білімнің қыр-сырын терең
меңгеру мақсатында «Бейненің 7 құпиясы: түсірілімнен баспаға дейін» атты
шеберлік-сыныбы жүргізілді. Қазіргі заманның талабына сай
оқуы көп уақыт алмайтын, ынта-жігері артып тұрған әрбір жанды тікелей
табысқа да жетелейтін бұл саланы жастарға блогер, сюжетмейкер,
мобилография сарапшысы, PR – «Holiday» іс-шара агенттігінің менеджері –
Яна Муравьева өткізді. Сондай-ақ, бүгінде талабы жоғары, талғамы биік
әлеуметтік желі қолданушылары үшін арнайы жасалатын бейне-роликтердің
түсіру және жасалу жолы туралы да айтылды.
Бұдан өзге жастар семинар барысында «Стратегиядан нәтижеге дейін:
кезең-кезеңімен тиімді маркетинг» атты SMM маманы, маркетолог,
таргетолог Евгения Калашникованың шеберлік-сыныбына да қатысты. Онда
бүгінгі таңдағы жарнаманың жай-жапсары турасында толыққанды айтылған
деректерге қанығып, маркетинг саласының жаңа қосымшалардың түрлерімен
танысты.
Бүгінде бәсі биік болып тұрған заманауи білімге арналған семинар
соңы қатысушыларға сертификаттар табыстап, жеке парақшаларына
тәжірибе жүргізу және нәтижелерін бөлісумен тәмамдалды.