ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАСТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ҮН ҚОСТЫ
Айлардың сұлтаны рамазан айында өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ белсенді өкілдері «Ораза қабыл болсын!» акциясын өткізді.
Жастардың сөзінше қайырымдылық жасауға су мен құрма және тәттілер таратылған. Аталмыш игі іс жыл сайын жалғасын тауып, дәстүрге айналуда.
Жалынды жастар қайырымдылық жасау жолынан жаңылған емес. Олардың жұмысының негізгі бөлігі жақсылық жасауға арналған.
Ораза ұстаған жандарға бірлестік өкілдері шын жүректен ниеттерінің қабыл болуын тілеп, келер жылыда игі істі жалғауға ниетті екендерін жеткізді.