ЖАМБЫЛДЫҚ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» МЕРЕКЕЛІК ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Таразда Республика күніне орай «Туы биік елдің – тұғыры биік» атты ту көтеру рәсімі өтті. Бұл күні мемлекеттік туды желбірете көтерген аға буын, зиялы қауым өкілдері, спорт жаттықтырушылары, халықаралық жарыс жеңімпаздары, облыстың белсенді жастары және жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері көне шаһардың орталық көшесімен шеру жасап жүріп өтті.
Орталық алаңнан бастау алған шеру, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін жалғасты.
Аталған мерекелік шеруге өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері белсенді түрде атсалысты.
Бұдан кейін ҚР Тұңғыш Президенті саябағында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбековтың қатысуымен салтанатты шара өтіп, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Әнұран шырқалып, мемлекеттік Ту көтерілді.
Мерекелік жиын облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.