ЖАМБЫЛДЫҚ ҚХА ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының отырысын өткізді.

Журналистердің кезекті отырысында модераторлық еткен «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова қатысушыларға жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, алдағы жылы атқарылар істерге шолу жасады.

Жиын барысында қатысушыларда өз пікірлерімен бөлісіп, имидждік жұмысты жақсарту бойынша идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, есепті кезеңде журналистер клубы мен ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған белгілі ақпараттық жұмыстар жүргізіп, олардың нәтижелеріменде бөлісті. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында, мультимедиялық порталдарда, әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы ҚХА-ның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы материалдар тұрақты түрде жарияланған. Бүгінде оның саны 7523 материалды құрап отыр.

Жиынның күн тәртібінде 2024 жылы жарыққа шыққан материалдардың есептік мониторингі, Республикалық ҚХА Журналистер клубынының отырысы туралы, Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының төрағасын тағайындау секілді мәселелер көтерілді. Аталған мәселелер аясында ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші сарапшылары Ольга Макарова, Назерке Оңғар,Толғанай Атабай және Элизат Қонысбай баяндама жасады. Онда биылғы жылы ғана жарыққа шыққан «Татулық – мәңгі тұмарым» подкасты, жылдық материалдар саны және гугл құжаттардың сақталу туралы айтылды. Ал, Республикалық ҚХА Журналистер клубынының отырысы төңірегінде сөз сөйлеген Дионисий Пляшешник Қонаев қаласында өткен клубтың отырысынан алған әсері және бөлісер тәжірибелерін ортаға салды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша жиналған журналистер бірауыздан облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Марат Құлибаевты клубтың төрағасы етіп сайлады.

Жиын соңы клуб мүшелеріне алғыс хаттар және шағын сыйлықтар табыс етумен аяқталды.