Жамбыл облысының аудандарында семинар-кеңестері өткізілді
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшылығымен және ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 5-11 қазан аралығында облысымыздың этнос өкілдері тығыз шоғырланған Жамбыл, Қордай, Шу, Меркі, Байзақ аудандарында және олардың бірнеше ауылдық округтерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері бойынша семинар-кеңестері өткізілді.
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Әрбір аудан мен сол ауданға қарасты Жалпақтөбе, Бурылды, Гродеково, Ауқатты ауылдарындағы өзекті мәселелер сарапталып, соған орай, әр ауылда оқытушылар мен оқушыларға жиналыс ашылып, кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтар және олардың себеп-салдары туралы және ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Онда мектептегі және жалпы кенттегі этносаралық жағдай туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, Медиация туралы ақпараттар да ортаға салынды. Одан әрі жастарға арналған тренинг өткізілді.
Семинар өткізіп, кеңес берудегі мақсат пен қоғамның алдында тұрған басты міндет – жас ұрпақтың құқық бұзушылығының алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының
« Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы