Жамбыл облысының үш этномәдени бірлестігі дастархан жайды
Жамбыл облысының үш этномәдени бірлестігі – “Ахыска” түрік этномәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы және Жамбыл облысы Қазақстан күрділері республикалық қауымдастығының “Барбанг” филиалы, Тараз қаласының Өзбек ұлттық-мәдени орталығы Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның 1000-ға жуық қонақтарына палау дайындап, түрлі тәтті-дәмді тағамдардан оларға дастархан жайды. Алғыс айту күніне келген барлық тілек білдірушілер біздің этномәдени бірлестіктер дайындаған ұлттық тағамдардан дәм тата алды. Палау, кондитерлік өнімдер сияқты мерекелік тағамдарды Жамбыл облысының “Ассамблея жастары” Республикалық жастар қозғалысының өкілдері таратты.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат
басқармасының «Қоғамдық келісім»
КММ Баспасөз қызметі орталығы