Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Жаңа басшысы тағайындалды
2022 жылғы 31 Тамызда Тараз қаласында Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Жаңа басшысы – Мүбарак Жинақбаеваны Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің төрағаларына, аналар кеңесінің, «Жастар Ассамблеясының», ҚХА басшылары мен өкілдеріне таныстырды.
Мүбарак Жинақбаева 1965 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Бірі Жамбыл педагогикалық институтын «Қазақстан мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша болса, екіншісі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қызмет көрсету саласы» мамандығы.
Еңбек жолын 1983 жылы туған қаласында бастап, онда кейінгі жылдарда Шу қалалық комсомол комитетінің статистикалық есеп секторы, «Саламат» кинотеатрының әдіскері, Шу қаласы әкімдігінің I дәрежелі маманы, мұғалім, директор, Шу ауданы әкімінің кеңесшісі, 2008-2014 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, 2017-2019 жылдары Тараз қаласының білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Ал қазіргі қызметіне дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи мәдени музей қорығының ғылыми қызметкері лауазымында болған.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Мәдениет саласының үздігі» медальдарының иегері.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы