Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті қоғамдық бірлестігі облыс аймағында жерленген поляк сарбаздарын еске алды
Польшада 1 қараша күні өмірден кеткен барлық жақын адамдарды еске алатын күн болып саналады. Поляк халқы дүнеиден озған жақындарын жиі еске алып, оларға зор құрметпен қарайды. Қараша айы жақындаған сәтте Польша көшелерінің кез-келген дүкендер сөрелерінен шамдарды жиі кездестіруге болады. Бұл осы күні поляк халқының жақын адамдарының зираттарында тұтататын шам.
Бұл күні зират басы жарықтандырылады. Өйткені әрбір қабірде осындай шамның бір емес, ондағаны жанып тұрады. Бұл зираттарды мұқият жинап, гүлдермен әшекейлейді.
Дәл осы күні зират өте жарықтандырылады, өйткені әрбір қабірде осындай шамның бір емес, ондағаны жанып тұрады. Сондай-ақ, осы мереке қарсаңында зираттарды мұқият жинап, гүлдермен әшекейлейді.
Осыған байланысты жыл сайын осы уақытта Жамбыл облысының «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысындағы жерленген поляк сарбаздарын еске алады.
Облыста поляк этносының жауынгерлері үш өңірде жерленген. Олар Мерке, Т.Рысқұлов аудандарында және Шотпак станциясында. Осы жылы олар поляк сарбаздары жерленген барлық орындарды аралап шықты.
Бірінші күні көптеген поляк жауынгерлері жатқан Шотпак станциясына барды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының Польша орталығы мен Алматы қаласындағы Польша Республикасының елшісі Михал Богдановичпен кездесу өтті.
Келесі күні Достық үйінде елшінің Польшадағы білім беру, виза алу, поляк картасын алу мәселелері бойынша кезекшілігі өтті. «Полонез» қоғамдық бірлестігінің өкілдері сондай-ақ, Меркі ауданы Сыпатай Батыр ауылында және Т.Рысқұлов ауданында поляк солдаттарының мазарына барып, гүл шоқтары мен шамдарын қойды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығы