Жаңа Қазақстанды құру жолында
Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бізге, қазақстандықтарға “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысының сөйлеген барлық сөзі маңызды, өйткені Президент елдің даму жолында атқарылар барлық міндет-мақсаттарды жеке-жеке айшықтап айтып берді. Жаңа Қазақстанды құру үшін өмірдің барлық салаларын, ең бастысы – саяси жүйені реформалау сөзсіз маңызды. Оларды Біздің Президент ұсынды. – Халық үшін қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыртусыз елдің орнықты дамуы және ауқымды әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мүмкін емес. Бұл анық”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Өңірлердегі теңгерімсіздікті жою, барлық деңгейдегі мәслихаттардың мәртебесін арттыру үшін қабылданған шешімдер – мен, аса ыждаhаттылықпен құлақ қойып тыңдаған сәттердің бірі болып табылады. Шынымен де, ең маңыздысы – осы жаңғырту тиімді болуы тиіс, сонда ғана одан пайда мен нақты табыс болады.
Пікірімді қысқа қайыратын болсам, бүгінгі ел басшысының Жолдауынан өз басым жақсы әсер алдым. Еліміздің алдағы күндеріне тек бірлік пен тірлік тілеймін!
Жамбыл облыстық «Ахыска» түріктер этномәдени бірлестігінің
төрағасы, ҚХА мүшесі Давришев Махмуджон Мираддинұлы