ТАТУЛЫҚҚА ҮНДЕГЕН «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ШУ АУДАНЫНДА
Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 21 қазанында Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚХА-ның «Достық керуені» жобасы жолға шықты.
Өңірімізді мекен еткен этностарды татулыққа үндеген «Достық керуені» жобасы алғашқы сапарын Шу ауданынан бастады. Керуен құрамында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар мен Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік жетекшілері және өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері бар.
Жобаның алғашқы жұмысы аудандық мәдениет үйіндегі этномәдени бірлестіктердің салт-дәстүрімен танысудан бастау алды. Шараның ашылу салтанатында Шу аудандық ішкі саясат бөілімінің басшысы Бауыржан Төлегенов, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан керуен көшінің мән-маңызына тоқталды.