«ТАРИХ – ЖАСТАР КӨЗІМЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Меркі аймағында өтіп жатқан «Тарих – жастар көзімен» атты республикалық ҚХА жастары форумының үшінші күні әдеттегідей таңғы жаттығумен бастау алды.

Алғашқы күннен бері көптеген тың тақырыптарда дәріс тыңдап, түрлі сала спикерлерінің шеберлік сабағына қатысқан жастармен  бүгін Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ белсенді мүшесі Альфия Югданқызы  интеллектуалды ойындар жүргізді.

Достық қарым-қатынасқа негізделген ойында қатысушылар топқа бөлініп, қызықты тақырыптарға шолу жасады.  Сондай-ақ, жас спикер шара барысында мотивациялық тренинг ұйымдастырып,  жастардың уақытын тиімді басқару, жетістікке жетудің жолы, өз ісін жоспарлау секілді тақырыптарды тарқатты.

Кездесу аясында форум жастары да ортаға шығып, Қазақстан тарихы туралы ақпараттарымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды.

Осылайша, үш күнге жоспарланған шара  жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.

Шараның қортынды сәті қатысушыларды марапаттау сәтіне ұласты.

ҚХА жастарын бірлікке бекемдеп, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысу ісіне үлес қосуда «Қазақстан Ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісі Рустам Қайриев пен республикалық «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасының орынбасары, өңірлік жастар ұйымының жетекшісі Хамида Тұрдыеваның еңбеге орасан. Айтулы шара аясында аталған жастар жанашырлары және «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы сөз алып, форум қатысушыларына алғыстарын білдіріп,  сертификаттар табыстады.

Өз кезегінде жастар да ұйымдастырушыларға ризашылықтарын айтып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.