Тараз қаласында өзбек этнос өкілдері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасарымен кездесті
Ағымдағы жылдың тамызда Достық үйінің конференц-залында Тараз қаласының өзбек орталығы өкілдерінің Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбайұлымен кездесуі өтті.
Жамбыл облысы әкімінің аппараты парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылғы арналған кешенді жоспарына сай өткен іс-шара барысында атқарушы және басқа да билік тармақтары саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ билік құрылымдарының кейбір кемшіліктері туралы өте қызу талқыланды. Жиын басында сөз алған Равиль Қуанышбайұлы жемқорлықтың түбі жазаға алып келетінін, өзіміздің және болашақ ұрпақтың бойында мұндай нашар қасиеттің сіңбеуін қадағалауымыз қажет екенін түсіндірді. Кез-келген жағдай да ризашылықты білдіру үшін ақшалай сыйақы ұсынуды тоқтату керек екендігіне ерекше екпін түсіріп айтты.
Мұндай іс-шара әр жұма сайын жалғасын тауып, жемқорлықпен күресу тоқтатылмайды.
Сондай-ақ, жиын соңында Тараз қаласындағы өзбек қауымының ішінара мәселелері талқыланды. Онда негізінен Тектұрмас және Зеленый ковер аумақтарының зираттарында адамдарды жерлеу проблемалары қозғалды. Қатысушылар жерлеу іс-шаралары кезінде жариялылық және алым-салықпен айналысатын қабір қазушылардың жоғары бағасына наразылық білдірді және жерлеу қызметтері бюросында қандай қызметтер ақылы, сондай-ақ қандай қызметтер ақысыз екенін нақтылауды сұрады. Себебі қабір жұмысшылары марқұмның туыстарынан өте үлкен соманы талап ететін көрінеді.
Жамбыл облысы әкімдігі
ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы