Тәуелсіздік – мемлекеттің басты байлығы
Тәуелсіздік – мемлекеттің басты байлығы. Әр мемлекет, әр түрлі жолмен тәуелсіздікке қол жеткізеді. Ал Қазақстан үшін 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғалары халықтың егемендікке, өзін-өзі билеуге ұмтылысының бастамасы болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесі “ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң қабылдады. Биыл тәй-тәй басқан егемен еліміздің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренада өркендеген елдердің қатарына кірді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасының басты назарында болған жәйт – ел татулығы. “Ер татулығы – ел татулығы” демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін. Сондықтан “Ынтымақ түбі — игілік” дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!
Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі – Искакова Руфина