ТӘРБИЕЛІ БАЛА — АТА-АНА МЕРЕЙІ

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат
бөлімі және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі бала — ата-ана
мерейі» тақырыбында орталық мектептің ата-аналарымен кездесу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналармен ашық сұхбат өткізіп, баланың тәрбиесі
мен дамуы туралы өзара пікір алмасу.  Аналар кеңесі төрайымының
орынбасары Роза Байбосынова модераторлығымен өткен шараға аудандық
аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл Татықұлова, аудандық көпсалалы
ауруханасының әлеуметтік-психологиялық көмек беру бөлімінің әлеуметтік
қызметкері Күлбахрам Агибаева, мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу
орталығының директоры Клара Рахаева және облыстық тұрмыстық зорлық-
зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының Меркі
ауданындағы кеңес беру кабинетінің психолог мамандары қатысты.
Кездесуде ата-аналармен отбасындағы әкенің рөлі, қыз бен ұл бала тәрбиелеп
отырған аналарға кеңес, Абайдың қара сөздерінің әлеуметтік мәні бағытында
топтық жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ, Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде
келтірілген және республикалық «Салауатты сана» жобасында айтылған бес
әлеуметтік кеселдің алдын алу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Қауіпсіздік сағаты» жобасы аясында ата-
аналар жауапкершілігі, балалардың оқу және өмірлік дағдыларын
қалыптастырудағы ата-ананың рөлі туралы ой қозғап, бірқатар ата-аналар
бала тәрбиесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында тәрбие бастауы – білім мен кітапта дей келе, белсенді 6 анаға
«Кітап оқу жылына» байланысты кітаптар тарту етті.