Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүрекпен құттықтаймын!
Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүрекпен құттықтаймын!
Жыл құсындай болып жеткен көктемнің алғашқы мерекесі саналатын бұл күнді барша қазақстандықтар үлкен қуанышпен қарсы алады.
2016 жылдан бері тойланып келе жатқан Алғыс айту күні – барлық қазақстандықтарға арналған, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді, еліміздің бірлігі мен тыныштығын айшықтайтын жалпыұлттық мереке.
Бұл күн – тарихтың түрлі кезеңдерінде қазақ халқының бауырмалдығына бөленген түрлі этнос өкілдерінің қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымының белгісі.
Сондай-ақ, 1 наурыз – ҚХА-ның келісім және этносаралық өзара ықпалдасу институтының құрылған күні болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында ынтымақтастық пен өзара қамқорлық сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенімін қалыптастырды.
Баршамызды қайырымдылыққа, мейірімділікке, жақсылыққа үндейтін осынау мерекеде әр отбасыға бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін!
Егемен еліміздің бірлігін нығайту мен берекесін еселеу жолындағы игілікті істеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын!
Мухабат Турдыева, Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы Ұйғыр этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы